• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:14:58
Алматы
+35°

23 Қазан, 2023 NEWS

Антикор Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады

Оған заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылған

Фото: Ашық дереккөз

Антикор бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың ұсталғанын растады. Ол мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұсталған. 

"Сондай-ақ талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді. Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", делінген ведомстваның мәлімдемесінде. 

Марат Бекетаев 2016 жылдан 2022 жылға дейін Әділет министрі қызметін атқарды. Ол қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен кетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір