• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 14:46:23
Алматы
+12°

Ағымдағы жылғы 23-қазанда «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің проблемалық сұрақтары талқыланды.

Аталған іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары А.А.Ашиков, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры П.А.Сыздық, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары басқармасының лауазымдық тұлғалары мен бірқатар кәсіпкерлер қатысты.

Отырыста«Ауыл шаруашылығы өндірістік кешенін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін» қолдану барысында субсидиялар алуға өтінімдер беру кезіндегі нақты проблемалық сұрақтар көтеріліп, оларды шешу мақсатында тиісті ұсынымдар әзірленді.

Мәселен, өңірімізде күріш өсірумен және элиталық тұқым шаруашылығын өндірумен айналысатын «Мағжан және К» ЖШС өкілі инвестициялық субсидия алу барысындағы тәуекелдерді атап өтті.

Атап айтқанда, инвестициялық немесе пайыздық үстемемен берілетін субсидиялау қағидаларында ауыл шаруашылығы мақсатында қолданатын құрылғылардың тізбесі шектеулі екендігін және бұл жайт кәсіпкерлердің қызмет көрсету мүмкіндіктерін шектейтінін көрсетті.

Бұдан бөлек, шаруа қожалықтары субсидиялау қаражаты болмаған жағдайда, субсидия көлемін өз қаражаты есебінен төлеу жағдайларына тоқтала өтіп, бұл талаптардың қиындықтар туғызатынын назарға жеткізді.

«Шаруалар қаражат жетіспеушілігі немесе субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің техникалық ақауларына байланысты субсидия беру талаптарына сәйкес қарыздарды толық өтеу үшін сатып алған малдарын қайтадан сатуға мәжбүр»,- деп «Сырдария-1» НС өкілі А. Абдуллаев сөз қозғады.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес бизнес өкілдерімен кері байланыс пен диалог орнатудың пәрменді тетігі болып табылады.

Талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің ұсынымдары ескеріліп, орталық уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті хат жолдау туралы шешім қабылданды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: агроөнеркәсіп

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір