• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 08:20:18
Алматы
+35°

"Біз қара халықпыз, көшіп кететін басқа жеріміз, басқа үйіміз жоқ" деген сөзі үшін 4 жыл түрмеге кесілген белсенді Фаиль Алсыновты жақтаған 10 мыңдай адам бүгін Баймақ қаласында митингке көтерілді.

Халық "бостандық!" және "фашистер!" деп ұрандатуда.

Митингті таратуға тырысқан қарулы жасаққа қарсы жиналғандар қар мен мұз атып, тарқаудан бас тартуда.

Интернет бұғатталды.

2020 жылы экстремист деп танылып, Ресейден кетіп қалған башқұрт белсендісі Руслан Ғаббасов бүкіл Башқұртстан Республикасы бойынша "бағынбау шарасын" бастауға шақырды.

Башқұрттар өз тарихында отарлаушы Ресейге қарсы бұған дейін бес рет көтерілген.

Саясаттанушы Аббас Галлямов бұл жолғы ереуілді ұлттық көтеріліс деп бағалайды. "Кезінде дәл осындай көтеріліс КСРО-ны күйреткен" дейді.

Республиканың басшысы Хабировты башқұрт жұрты "Мәскеудің қолы" деп қабылдайтындықтан, бұл толқудан кейін халықтың Мәскеу мен Путинге деген қаһары тек күшейе түспек.

Соңғы ақпаратқа сай, Мәскеу билігі Баймақтағы наразы халықты тарату үшін "Росгвардия" әскерін жөнелтіп жатыр.

Башқұрттар – азаттықты аңсап келе жатқан Ресей Федерациясы құрамындағы байырғы халық. Олар өздерін "башкорт" деп атайды. Оғыз-түрік тілінен алғанда, баш – бас, корт – қасқыр деген мағынаны білдіреді. Кезінде олардың Қимақ қағанаты деген қуатты мемлекеті болған. Башқұрт тайпасы Алтын Орданың құрамында болған. Алтын Орда құлаған соң Қазан, Ноғай және Сібір хандықтарының құрамына кірді. Тарихи деректерде, батыс башқұрт тайпалары шамамен 1554 - 1555 жылдардың басында Ресейдің құрамына кірді делінеді. Башқұрттар өздерінің шығу тегі, тайпалық құрамы, салт-дәстүрі, өмір салты, мәдениеті жағынан қазақ халқымен туыстас халық. Тарихи тұрғыдан қарағанда, қазақ халқының көптеген тайпалары башқұрттарда да бар: қыпшақ, тама, табын және тағы басқасы. Башқұрттардың діни сенімі – сунниттік мұсылман.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір