09 Ақпан, 2024 Саясат
Бүгінгі күннің кадрлық тағайындаулары
Бүгін, 9 ақпанда Үкіметте және Жоғары сотта ауыс-түйіс болды.
Ашық дереккөзден алынды
Сонымен ҚР Премьер-министрінің қаулысымен Асқар Жәкенов ҚР Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Асқар Жәкенов 1975 жылы 13 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды қаласындағы «Каргормаш-ИТЭКС» ЖТАҚ-ында бастады. Әр жылдары ҚР Әділет министрлігіне, ҚР Премьер-министрі кеңсесінде лауазымды қызметтер атқарды. Бұл тағайындауға дейін ол ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі болған.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
Айта кетсек, 2015 жылдан бері бұл қызметті Әнуар Сабыров атқарып келген болатын. Ол қаңтар айының басында қызметінен кетті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір