• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 13:51:59
Алматы
+12°

13 Ақпан, 2024 Құқық

"Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" ЖШС-ның басқарма төрағасы ұсталды

Шенді Біріккен Араб әмірлігінде 2023 жылы 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өткізілген көрмеге бөлінген қаражатты «жеп қойған» болуы мүмкін. Қазір Антикор тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

igtipc.org

 

Кейбір БАҚ-тағы деректерге сүйенсек, ол Дубайдағы павильонға бөлінген 270 миллион теңге көлеміндегі қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген.

Айта кетсек, өткен аптада Антикор Астанада жемқорлық ісі бойынша ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған. Оның да Дубайдағы көрмеге тікелей қатысы бар.  Бірақ бұдан өзге ақпарат тергеу мүддесі тұрғысында жария етілмей отыр.

2024 жылы 5 ақпанда тергеу тобы Ошурбаевтың қызметтік кеңсесінде тінту жүргізіп, бірқатар құжаттарды тәркілеген. Одан кейін вице-министрдің қамауға алынғаны да белгілі болды.

Ал Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы – коммерциялық емес акционерлік қоғам. Олжас Ағабеков бұл мекемеге 2022 жылы қыркүйекте басшы болып келген.

Олжас Ағабеков 1984 жылы Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-да менеджер лауазымынан бастаған.

Сондай-ақ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «KEGOC» АҚ, Жамбыл облысы әкімінің аппаратында, Жамбыл облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында жұмыс істеді.

2016 жылдан бастап 2022 жылдың қыркүйегіне дейін – ҚР Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі департаменті директорының орынбасары, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір