26 Ақпан, 2024 Саясат
Бір АЭС салдырумен құтылмаймыз
Бұл – Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің сөзі.
kursiv.media коллажы
Таяу уақытта Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша ұлттық референдум өтеді. Оны Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырып, өткізеді.
Энергетика министрлігі бұл тірлікті «бөтен елдің Қазақстанға АЭС салып беруі» деп емес, «Қазақстанда атом индустриясын дамыту» деп қарастырады.
Өткен жұмада "Қазақстан өз жерінде үш АЭС салғыза ма?" деген сауалға жауап берген Сәтқалиевтің сөзінше, мәселе бір немесе бірнеше АЭС-тің құрылысымен ғана тынбайды.
Бұл – АЭС құрылысы туралы шешім қабылданған жағдайға арналған жоспар болса керек, әрине.
Еске салсақ, соңғы рет 2023 жылдың 4 желтоқсанында Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанда жалпы қуаты 2400 МВт -қа дейінгі 3+ буынды ядролық реакторлары бар екі атом электр станциясын салуды ұсынған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір