29 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Қос азаматтығы бар қазақстандық елден шығарылды

Армения азаматтығын алғанын жасырып келген Батыс Қазақстан облысының тұрғыны елден шығарылды.

БҚО Бәйтерек ауданының №2 сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен («Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзу») әкімшілік іс қаралды.

"2024 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шекара қызметкерлері азамат Г.-ның қос азаматтығын анықтады. Ол 2023 жылы Армения Республикасы азаматтығын алған және заңнамада белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарламаған" делінген хабарламада.

Сотта ер адам өз кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу қажеттілігі туралы білмегенін түсіндірді. Айыппұлды төлей алмағандықтан, айыппұл салмауды өтінді.

«ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарламау – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабының 2-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде хабарлаусыз 200 АЕК, немесе Қазақстан Республикасынан әкімшілік шығарып жіберу көзделген.  Сот қаулысымен Армения Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 496-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасы шегінен шығарылды» деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық соты.
Ілмек сөздер: паспорт азаматтық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір