• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 14:37:01
Алматы
+12°

29 Ақпан, 2024 Власть

Ресейде Путин сайлана алмай қалса...

«Жаңа Қазақстанның» көкесін сонда көретін болсақ керек.

Фото: dzen.ru

Ресейде 15-17 наурызда президент сайлауы өтуі тиіс. Сонау 2000 жылдың наурызында Ресей президенті боп сайланып, билікке келген Владимир Путин қазір 71 жаста. Осымен бесінші мерзіміне барайын деп отыр. Өзгертілген Конституция бойынша, оның әлі 2036 жылға дейін президент болу құқығы бар.

Бірақ осы жолы Путиннің сайлануы қиындау болайын деп тұр. Екі жылдан асып бара жатқан соғыстан, санкциялардың кесірінен туындаған қиындықтардан, пропаганданың таусылмайтын өтірігінен, жан-жақтан күшейген қысымнан, жоқшылықтан шаршаған халықтың төзімі таусылып болып қалды. Тура сайлау алдында түрмедегі басты оппозиционері Навальныйдың өлімі наразы халықтың қатарын күрт көбейткені шындық.

Жалпы, Путин осы жолы сайлана алмай қалуы мүмкін. Шетелдегі оппозициялық күштер Путиннің сайлануына қарсы барынша үгіт-наисхатын жүргізіп жатыр. Сайлаудан кейін Ресейдің бүкіл халқы көтерілсе, қарулы күштер бұл жолы Путиннен теріс айналуы мүмкін.

Сонымен, Ресейде Путин сайлана алмай қалса, не болады?

Путин сайлана алмай қалса, Украинадағы соғыс бірден тоқтайды. Өйткені бұл Путиннің өзі бастаған соғыс.

Путин биліктен тайса, бүгін Кремльде отырғандардың арасынан ешкім билікте қала алмайды.

Ендеше, ондай жағдайда Ресейдің өзгеретіні анық. Бір Путиннен әрең құтылған ел «екінші путиннің» билікті алуына жол бермес.

Егер Ресей еркіндікті қалап, жаңа билігі демократиялық жолды таңдаса, Қазақстан билігінде үлкен дағдарыс туындайды!

Жүйесі бірдей, заңдары ұқсас, бірінің әдетін бірі қайталап, біріне бірі сүйеу болып отырған саяси модель бұзылып қалады.

«Жаңа Ресей» танымастай болып өзгеріп сала берсе, Қазақстан билігінің мұндай сценарийге арналған жоспары жоқ сияқты. Ондай жағдайға дайын отырған беделді шын оппозиция да жоқ өзі, Қазақстанда.

Ең анығы, Путиннің дәуірі біткен күні Қазақстанның бастан-аяқ өзгеріске ұшырауы басталады. «Жаңа Қазақстанның» көкесін сонда көретін болсақ керек.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: путин Жаңа Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір