• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 04:56:31
Алматы
+35°

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Ақмола облыстарында 4 694 адам, оның ішінде 1 682 бала құтқарылды және эвакуацияланған. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 447 адам, оның ішінде 180 бала эвакуацияланды. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

ТЖМ мәліметінше, министрлік пен әкімдіктер 2,3 млн. м3 астам еріген суды сорып, 162 мыңнан астам қапшық және 31 587 тонна инертті материал төсеген.

Су тасқынынан елдің 7 өңірінде 435 жеке тұрғын үй мен 329 аула, сондай-ақ Ақтөбе облысында 75 саяжай үйі мен 9 ғимарат, көп қабатты тұрғын үйлердің 12 ауласы, Ақмола облысында балабақша мен ТЖ ауруханасы су астында қалып отыр.

18 автожолды, оның ішінде 4 көпір және 14 жол төсемін су шайып кеткен. 26 елді мекенде көлік қатынасы жоқ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: көктемгі су тасқыны

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір