• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қазан, 16:20:35
Алматы
+8°

03 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Аманжол Әлтай: Елді де, өзгені де мезі қылған Роман Скляр кетсін

Депутат қателік жіберген шенеуніктердің жазалану керектігін айтты

Фото: ашық дереккөзден алынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай су тасқынына байланысты қателік жіберген шенеуніктер жазалану керектігін айтты. Әсіресе, бірінші вице-премьер Роман Склярды атады.

«Елді де, өзгені де мезі қылған Роман Скляр секілді баяғыдан келе жатқандарды орнынан аластайтын уақыт келді. Жалпы, су тасқыны кезінде ақиқаттың өзі бетін ашып бергендей, жергілікті билік өкілдері мен үкіметтің арасында байланыс жоқ екенін байқадық. Сонымен қатар біздегі министрліктердің арасында да тығыз әріптестік орнамаған», - дейді депутат.

Сондай-ақ ол су тасқынының алдын алу үшін төтенше жағдай министрлігі, су министрлігі, ауыл шаруашылығы министрлігі секілді мемлекеттік органдар бір-бірімен келісе отырып, күш біріктіріп жұмыс істеулері керек екенін айтады.

«Өкінішке қарай, бізде ондай жүйе қалыптаспаған. Кеңес үкіметі кезіндегінің бәрін жамандай бермеуіміз керек. Өйткені сол тұста әсіресе, гидратция саласында мықты мамандар болды. Нақты жүйе болды. Көктемгі су тасқына бір жыл бұрын күз айынан бері дайындық шаралары жүйелі жүргізілді. Қазіргі кезде ештеңеге жауап бергіміз келмейді. Қыс келіп қардың астында қалсақ та, ешкім жауапсыз. Көктем келіп, су апаты болса да ешкім жауап беруге құлықсыз. Табиғаттың тосын жағдайы деп құтылып кетеді. Бұлай аузымызды құрғақ шөппен сүртіп отыра бергеніміз жарамайды», - дейді Аманжол Әлтай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір