• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Шілде, 04:47:29
+35°

Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы 1997 жылы 196 мың теңгеге сатылып кеткен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ғимаратының бір бөлігін қайтарып алды. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Прокуратураның хабарлауынша, 1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатқан. Сол жылы университетке тиесілі 26 сотық жер телімі де сатылған. Оны бар болғаны 62 000 теңгеге бағалаған.

Университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіш болып есептеледі. Сондықтан оның сатылуына тыйым салынған. Арзанға сатылып кеткен жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі – «Ескі қақпа» орналасқан. Сондықтан прокуратура сатып алу жөніндегі мәмілені заңсыз деп тапқан.

Жекеменшікке өткен оқу корпусының ғимаратында кейін «Ескі қақпа» атты мейрамхана ойын-сауық мекемесі пайда болған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір