17 Сәуір, 2024 Экономика
27 триллион теңге: Қазақстан мемлекеттік қарызынан қашан құтылады?
2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 триллион теңгені құрады.
Көрнекі сурет
Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл жалпы ішкі өнімнің 22,8 пайызын құрайды.
«2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 трлн теңге. ЖІӨ бойынша ол 22,8 пайызды құрайды», - деді Тәкиев үкіметтің брифингінде.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік қарыздың мөлшері ЖІӨ-нің 32 пайызына жеткенге дейін шектеу бар. Сондықтан, бұл көрсеткіш әзірге қауіпсіз деп саналады дейді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір