• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 07:17:08
+8°

Путиннің Уральск федералдық округіндегі өкілі Владимир Якушев Ресейдің Курган, Тюмен облыстарындағы су тасқынын Қазақстанмен байланыстырды. Бұл туралы ол РБК басылымына берген сұхбат барысында айтты.

Оның сөзінше, екі облыстағы тасқын мәселесін шешу үшін Қазақстан су қоймалары жүйесіндегі су жіберу мәселесін Ресеймен ақылдасып отыруы керек.

Владимир Якушевтың бұл мәлімдемесі соқтығуға қара таппай отырған арандатушының әрекетіне ұқсайды. Өйткені ол айтып отырған облыстарды басып өтетін Тобыл өзенінің ағысы Қазақстаннан емес, Ресейден басталады.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан Ресейдегі су тасқынына әсер етеді деу шындыққа жанаспайтынын мәлім етті. 

"Тобыл өзенінің бойындағы су Ресейден келеді. Тиісінше, су жіберу туралы шешім Ресей тарапынан келетін ағынға сай қабылданады. Сондықтан, Қазақстан Ресейдегі су тасқынына әсер етеді деп айту дұрыс емес. Бұл шындыққа жанаспайды. 2 сәуірден бастап Қазақстан жағы Ресей тарапына Тобыл өзені бойынша су өткізу жөніндегі шешімдер туралы ақпарат беріп отыр. Тараптар тәулік бойы су ағынының ұлғаюына немесе азаюына қарай мәлімет алмасады. Сол себепті кез-келген келісілмеген әрекет туралы сөз жоқ" деп хабарлады министрлік. 

Ресей шенділерінің Қазақстан туралы даулы мәлімдемелері тыйылмай тұр. Жуырда ғана мемлекеттік дума депутаты Андрей Луговой Қазақстан туралы "Патшаның жеке дұшпаны. Қазақстан бұралаңы" атты деректі фильм жарыққа шығарып, Қазақстанды "англосакстар бақылауындағы ел", "руссофобия мекені" деп пікір білдірген. Украина мен Қазақстанды салыстыра келе ол "елді ағылшындар билеп тұр, олардың негізгі мақсаты – орыс қазақ арасына от жағу" дейді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір