11 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар
Алматыдан 487 шақырым жерде 5,3 баллдық жер сілкінісі болды
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді
Фото: ашық дереккөзден
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 487 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. MPV Магнитудасы 5.3. Жер сілкінісінің координаттары – 41,71° с.б. 82,48° ш.б. Тереңдігі –10 км.
Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір