29 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі
Игі шара «Таза Қазақстан» республикалықэкологиялық акциясы аясында өтуде.
Аталған акция 8 сәуірден 8 мамырға дейінжалғасып, оның бес аптасы белгілі біртақырыпқа бағытталуда.
Шара барысында 29 сәуір күні «Ассамблея бөбектері» ұранымен Қазақстан халқыАссамблеясы төрағасының орынбасарыЛугмар Буларов №18 балабақшатәрбиеленушілерімен бірге бейбітшілік пен келісімнің басты символы – Бәйтерекағашының көшеттерін отырғызады.
Сондай-ақ, бұл күні облыстық аналаркеңесінің ұйымдастыруымен аулалардытазарту және абаттандыру, белсенді ұзақ өмірсүру орталығында гүл егу жұмыстары қолғаалынса, Қордай ауданында жас бағбандарғаарналған шеберлік сабағы, Жуалы ауданындахалық жазушысы Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей-үйінің аумағын жинаужәне басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.
Игілікті шара соңында өңір жастарының «Өнегелі ұрпақ» атты флешмобы өтеді.
Бұған дейін «Киелі мекен» апталығы аясында Жамбыл облысында 60 тарихи-мәдени ескерткіштің, 143 саябақ аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. Акция барысында Сарысу ауданында қола дәуіріне тиесілі - петроглиф табылды, оның тарихы 3,5 мың жылды құрайды.
Сондай-ақ «Жасыл аймақ» апталығы аясында 12 350 ағаш көшеті отырғызылды.
Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері оған 27 мыңнан астам жамбылдық қатысып, мыңнан аса аула тазартылды. Оның ішінде 5 222 кәсіпорын мен әлеуметтік нысанның аумағы абаттандырылып, арнайы полигонға 4 280 тонна қоқыс шығарылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір