• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 11:20:27
Алматы
+35°

"Атамекен" ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметов бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.

"А.Мырзахметов аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд. теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды", — делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір