• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 10:17:35
Алматы
+7°

Грузия парламентінде билік партиясы мен оппозициялық партия өкілдері “Шетел ықпалының ашықтығы туралы” заң жобасын талқылау кезінде жанжалдасып қалды, деп хабарлады Грузия Online басылымы.

Грузин оппозициясы заң жобасын ресейлік заңның айна-қатесіз көшірмесі санайды. Олардың пікірінше, заң үкіметтік емес ұйымдарды тұншықтыру арқылы азаматтық қоғамға қарсы жұмыс істеп, елді Еуроодақпен ықпалдасу мүмкіндігінен айырады. 

Ал Грузия билігі заң шетелден қаржыландырылатын үкіметтік емес ұйымдар мен медиалардың жұмысындағы ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады.

Грузияда заң жобасына қарсылардың қарасы көп. Соған қарамастан ел парламенті кеше заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір