27 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: FreePik
26 мамыр күні Ресей басшысы Путин Өзбекстанға екі күндік іс-сапармен барды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесу барысында елде АЭС салу мәселесі талқыланатын айтты.
"Бүгін біз Өзбекстанда қуаттылығы аз атом электр станцияларын салу жөнінде маңызды келісімге қол қоямыз. Стратегиялық жобаны жүзеге асыруды жеделдету үшін оның шарттары мен техникалық құрылымдарын ұзақ уақыт бойы сарапшылармен талқылап келеміз", - деді Мирзиёев.
Құжатқа сәйкес, "Росатом" Өзбекстанда екі 2,4 ГВт энергоблогы бар АЭС-пен қатар алты 55 МВт энергоблокты қамтитын шағын атом электр станцияларын салуы мүмкін.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір