• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 15:01:35
Алматы
+12°

Украина президенті Қазақстан, Қырғызстан, және Өзбекстанның журналистеріне сұхбат берді. Сұхбат Харковьтегі Ресей соққысынан қираған баспаханада өтті. Кездесуге Украина тарапы бастамашыл болған. Ондағы мақсат елдегі шынайы жағдайды, соғыс пен Путиннің басшылығындағы орыс әлемінің салдары қандай болатынын көрсету деді Зеленскийдің өзі. Бір сағаттан сәл ұзаған әңгіме барысында Украина президенті Путин енді НАТО-ның реакциясын тексеру үшін алдымен Балтық жағалауындағы елдерді, одан кейін Молдова мен Орта Азия мемлекеттерін нысана ретінде алып отыр деген пікір айтты. “Путиннің біз доспыз, одақтаспыз деген сөздерінің бірі де түкке тұрмайды, Путин қандайда бір ынтымақтастықты ықпал ету құралы ретінде пайдаланады” деген Зеленский Кремльдің қадамы бір өңірді басып кірумен басталып, қарсылыққа тап болған жағдайда жаппай соғысқа ұласады деп санайды.

Украина президенті Путинді “жыртқышқа” теңеп, қазіргі уақытта Орта Азия, белгілі бір деңгейде әлем “сол жартқышты оятып алмау үшін Ресеймен баланс ұстауға тырысады, бірақ жыртқыш қашан оянарын ешкімнен сұрамайды деді.

Сондай-ақ Зеленский, Орта Азия мемлекеттерінің басшыларын бейтараптықты сақтамай, Кремльден үрейленгендіктен сол жаққа көбірек ауып кетіп жатады деп сынап, Украинаның бастамашыл болуымен маусым айында өткелі отырған бейбітшілік саммитіне келуге қорықпауға шақырды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Qamshy.kz (@qamshy.media)

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Зеленский

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір