03 Мамыр, 2024 NEWS
Демографиялық өсім: Алматы облысында халық саны 3,6 пайызға өсті
Демография – елдің әлеуметтік және экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратыны белгілі.
Фото: ашық дереккөзден
Бұған қатысты былтыр 14 қараша күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халық санының 20 миллионға жетуімен Құттықтаған еді. Ол құттықтауында «Халқымыздың саны жиырма миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайту мен қатар ана мен баланы қорғауға баса мән береді», - деп жазған болатын.
Осы орайда, былтыр ғана елімізде халық саны 20 миллионға жеткен болатын. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, соңғы 30 жылда халық саны 22,3 пайызға өскен. Соның ішінде Алматы облысының демографиялық өсім көрсеткіші де біршама жоғарылаған. Яғни, халықтың әлеуметтік жағдайының дұрысталуымен бірге туу көрсеткіші де жылдан жылға жақсарып келеді. Бұл қуантарлық жағдай, әрине.
Демограф Шынар Пазылбекқызы Алматы облысы бөлінгеннен кейінгі уақыт аралығында туу деңгейі бір әйелге орта есеппен 3,57 баладан келетінін айтады.
- Алматы облысы бөлінгенге дейін де демографиялық өсімі бар өңір болып табылады. 2022 жылға дейін өңірдегі халық саны жылына 1-2 пайыз шамасына өсіп, 2 миллоннан асты. 2022 жылы облыс бөлінгеннен кейінгі уақыт аралығында да өңірдегі халық саны 3,6 пайызға өсті. Облыс халқының тез өсуіне өңірдің Алматы қаласына жақын орналасуы ықпал етеді. Халықтың облыс аумағында тұрып, қалада жұмыс істеу тенденциясы қалыптасып, өсіп келеді. Алматы облысының халқы жас, 2024 жылдың басындағы статистика бойынша 65 жас және одан жоғары жастағы халықтың үлесі 7, 7 пайызды құрады, бұл жалпы республикалық деңгейден (8,8 пайыз) төмен. Халықтың табиғи өсім деңгейі де жоғары. Туу деңгейі бір әйелге орта есеппен 3,57 баладан келеді. Халықтың өмір сүру ұзақтығы 2023 жылы 74,53 жылды құрады. Бұл республикалық деңгейден сәл ғана төмен. Қорытындылай келе, айтатынымыз, Алматы облысының еліміздің ірі мегаполисінің жанында сәтті орналасуы өңірдің демографиялық жағдайының оңтайлы болып тұруына ықпал етеді.
Демограф айтпақшы, Алматы еліміздің ірі мегаполисінің жанында орналасуы себебінен де мұнда халық салына жылдан жылға артып келеді. Халық санынының өсуіне орай, жастарды жұмыспен қамтудан бөлек тұрғын үйлермен қамтамасыз ету, үш ауысымдық мектептерді жою, денсаулық сақтау саласын дамыту секілді жұмыстар да қатар атқарылуда. Сондай-ақ еңбеккке қабілетті халық саны жағынан да Қазақстанға үлесін қосып жатқандығын да байқаймыз. Бұған қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов: ұзақ мерзімді демографиялық болжамға сәйкес, 2030 жылға қарай еңбекке қабілетті жастан асқан халық саны 25 пайызға, ал 2050 жылға қарай 1,7 есе өседі. Еңбекке қабілетті жасқа дейінгі халық саны 2030 жылға қарай не бәрі 2%-ға, еңбекке қабілетті жастағы - 11% -ға өседі, бұл ретте 2050 жылға қарай өсім тиісінше 41% және 36% құрайтынын мәлімдеген-ді. Соның ішінде Алматы облысы 2050 жылға қарай демографиялық жүктеме коэффициентіжоғарылайтынына күмән жоқ.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір