• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қараша, 23:31:43
+12°

11 Маусым, 2024 NEWS

ЛГБТ насихатына қарсы петиция 50 мың қол жинады

E-Petition.kz порталында 50 мың қол жинады. Мұны мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Көрнекі сурет

Сайтта жарияланған «Біз Қазақстан Республикасындағы ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсымыз» петициясына 50 мың қол жиналды. Енді бұл өтініш үкіметте қаралады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қабылдады. Өтініш тіркелген күннен бастап 40 жұмыс күніне дейін қаралады.  Министрлік мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қамтитын жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады, – деп хабарлады мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.

Олар өтінішті қарау процесі заң талаптарына сай өтетінін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін депутаттар журналистерге ЛГБТ туралы жазуға тыйым салуды ұсынған еді.  Алайда мәдениет вице-министрі БАҚ-та ЛГБТ туралы жазғаны үшін жаза тағайындау туралы ереже заң жобасынан алынып тасталғанын мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: өтініш ЛГБТ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір