• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Маусым, 00:31:25
Алматы
+35°

19 Маусым, 2024 NEWS

«Ұлттық құндылықтарды қорлау» деп санамаймын». Киіз үйде ерсілене билеген жігіт өзін ақтады

Биші бұл бидің хай хилс (high heels) деген жанр екенін әрі оның ерсілік емес екенін айтады.

Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде киіз үйдің ішінде билеген жастардың видеосы тарап, ел наразылығын тудырды. Аталмыш видеоның авторы Әлішер есімді жігіт өз әрекетінен ешқандай оғаштық көрмегенін айтты.

«Осы бейнежазбамды жариялаған соң, жұрт көп хейт пікірлер жаза бастады. Өзім қазақ болған соң, Қазақстанда, Алматыда тұрған соң, әке-шешем қазақ болған соң, бұл қадамның өте батыл шешім екенін айта аламын. Бұны «ұлттық құндылықтарды қорлау» деп санамаймын. Бұның өзінде ирония бар. Шығармашылық адамдарын жай адамдар ұға бермейді. Олардың әлемі басқа. Тәуекелге бармай, батыл болмай, жаңалық ашылмайды», – деп пікір білдірген ол өзінің парақшасында.

Бейнежазбаға қатысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді. 

«Мұндай контент қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін. Арандатушылыққа да ұрындыруы ықтимал. Әрине, өскелең ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Видеоның мазмұны қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне қайшы келеді. Тағы бір мәселе өте маңызды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар дәстүрлі құндылықтарымызды сақтау мен насихаттауда ерекше жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық құндылықтардан бас тарту мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге және әдет-ғұрыптарымызға қашан да қауіп төндіреді. Ал бірлігіміз бен тұрақтылығымыздың мызғымас негізін сақтау – ортақ парызымыз» деп жазды Аида Балаева

Ол сондай-ақ медиа-процесте жүрген барша адамдарды контент жасауда мұқият болуға шақырды. 

«Кез келген шығармашылық жұмыста ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды құрметтеуге басымдық таныту керек. Жұдырықтай жұмылып, бірлесе жұмыс істеп қана халқымыздың басын біріктіріп, бөлшектеуге болмайтын бай мәдени мұрамызды сақтап қала аламыз» деді ол фейсбук парақшасына.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір