• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:59:51
Алматы
+12°

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өз қызметіне қоса Ұлттық инвестициялық орталықты басқаратын болады. Бұл туралы премьер-министрдің қаулысында жазылған.

"Инвестициялық қызмет жөніндегі Ұлттық Орталық құрылсын. Ұлттық орталық өз қызметін Үкімет аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің құрылымы негізінде жүзеге асырады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өз қызметіне қоса Ұлттық инвестициялық орталықты басқаратын болады", — делінген қаулыда.

Роман Склярға жаңа мемлекеттік құрылымның басшысы ретінде жүктелген міндеттер:

  • ИҚҰО жұмысын ұйымдастыру және ИҚҰО жұмысына мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдерін тарту;
  • ИҚҰО-ға жіберілген жұмыскерлердің міндеттері мен функционалдық міндеттерін айқындап, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларына жұмыскерлерді ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар басшыларының атына ИҚҰО-ға жіберілген жұмыскерлерді көтермелеу немесе жазалау туралы ұсыныстар енгізу;
  • Премьер-Министрдің бірінші орынбасарын ИҚҰО жұмысының туралы тоқсанына бір реттен хабардар етіп тұру;
  • ИҚҰО жұмыс топтарын құру.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: роман скляр

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір