• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 14:01:14
Алматы
+12°

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қаратұрық ауылдық округі «Алмалы бақтың» ауданы бойынша, облыс бойынша, демек сәйкесінше, Қазақстан Республикасы бойынша бірінші орында тұр. Шағын ғана ауылдың болашағы зор.

Алма өсіруде заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолданады. Мысалы, тамшылатып суару және т.б. Жиналған өнім Қазақстанның барлық аймақтарына және көрші шетелдерге экспортталады екен.

Жалпы Қаратұрық ауылдық округінде – 13 мың 643 адам тұрады. Қылмыс аз. Тұрғындар барлығына риза. Округте бірнеше ұлт өкілдері мен этникалық топтар өмір сүріп жатыр. Халықтың ауызбіршілігі жоғары деңгейде. Халық санының аздығына қарамастастан болашағы бар ауылдардың қатарында. Оған дәлел ауылға 1 млрд-тан аса инвестиция бөлініпті. Округке қарасты, Арна және Лавар ауылдарында жол және түнгі жарықтаныру мәселесі 100% шешіліп қойған. Қаратұрық ауылының өзінде бұл мәселе 68%-ға шешімін тапты.

аратұрық ауылдық округі

Шағын және орта кәсіп те қарқынды дамып келеді. 2,5%-ға 5 млн несие және қайтымсыз грант алып кәсібін дөңгелетіп отырғандар саны артты. Олар ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Нәтижесінде, жылына төленетін салық саны артты. 2023 жылы 48,868 млн салық төленсе, 2024 жылға 59,447 салық көлемі жоспарланып отыр.

Қаратұрық ауылдық округі

Ащысай ауылында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 600 орындық мектеп және спорт кешені салынып жатыр. Бұл үш ауысымда оқу мәселесін шешеді.

Қаратұрық ауылдық округі

Шағын ауыл болса да, үлкен сауда орталығы ашылыпты. Ол жерде киім-керек, асхана, дәріхана, шаштараз, супермаркет, автобөлшектер, сантехникалық заттар және т.б. тіршілікке керектінің бәрі бар. Бұл үшін өңір басшысы барын салуда. Ауыл әкімі Айбек Қасымханұлы халқының тыныштығы үшін барлық өтініш пен арыз-шағымдар бойынша мүмкіндігінше қолынан келгенін жасап отырғанын айтты. Біз де шағымданушы топтарды байқамадық. Мемлекеттік бағдарламаларды ауыл болашағы үшін барынша тиімді пайдаланып, әрбір жобаны өз бақылауында ұстап отыр.

Айта кетейік, Қаратұрық ауылдық округінің әкімі Ілебаев Айбек Қасымханұлы. 1992 жылы туған. Осы ауданның азаматы. Әкім болып қызметке тұрғанына үш жылға жуықтапты. Үш жылда біраз жұмыстарды атқарыпты. Ауыл деуге ауызымыз бармады. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтің және қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының Алғыс хаттарымен марапатталған. Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің де Алғыс хатына ие болды. 2018 жылы «Көшбасшы» жастар сыйлығының жеңімпазы атанған. Халық алғысы медалін алған екен. Демек лайықты!

alataunews.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір