• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:29:02
Алматы
+35°

30 Шілде, 2024 NEWS

Экс-депутат Нығматуллиннің зауыты өрт шыққанын екі сағат хабарламай, құтқарушыларды кіргізбей қойған

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің сыңары – мәжіліс пен сенаттың бұрынғы депутаты Ерлан Нығматулинге тиесілі YDD Corporation ферроқорытпа зауыты екі сағат бойы төтенше жағдайлар қызметіне хабар бермей, құтқарушыларды кіргізуден бас тартқан.

Фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықбаев бұл үшін жауапкершілік қарастырылғанын айтты.

"Төтенше жағдай таңғы 4:10-да болды, бірақ хабарлама бізге екі сағаттан кейін, яғни 6.08-де келді. Азаматтық қорғау туралы республикалық заңнамаға сәйкес, бұған жол беруге болмайды және бұл үшін заң бойынша жауапкершілікке тартылады", – деді Сыздықбаев үкімет брифингінде.

Осы бойынша 200 АЕК (738 мың теңге) айыппұл салынды, сондай-ақ қазір іс сотта. Сыздықбаев зауыт өз аумағына құтқарушыларды кіргізбегенін растады.

"Учаскеде өздерінің құтқару бөлімшелері бар және олар өз беттерімен өртті өшіретіндеріне сенімді болған. Бірақ мұнда шақырту келіп түскендіктен, біздің құтқарушылар келді, сол үшін оларды кіргізуі керек еді", – деді вице-министр.

Сыздықбаевтың сөзінше, құтқарушыларды кіргізбей қоюға ешкімнің құқығы жоқ.

Еске салайық, 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшы әртүрлі дәрежеде жарақат алғанын жазған едік. Кейінгі үш күнде зардап шеккен 8 қызметкердің төртеуі ауруханада көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия да құрылған. 

Ферроқорытпа зауытына тиесілі “YDD Corporation” компаниясы қайтыс болған 4 жұмысшының отбасына қолдау көрсетіп, көмектесетінін мәлімдеді. Компания жерлеу рәсімін ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығынды өз мойнына алады. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Нығматуллин YDD Corporation

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір