29 Тамыз, 2024 Бизнес-жаңалықтар
Фото: Ашық дереккөз
Енді қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақырта алады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" мәлімдеді.
"Азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерін үйге шақыруға мүмкіндік беретін жаңа сервисті пайдалана алады. Белгіленген уақытта маман көрсетілген мекенжай бойынша келіп, мемлекеттік қызметті көрсетеді. Сервисті пайдалану үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында "жеке менеджерді үйге шақыру" батырмасын басып, қажетті мәліметтерді толтыру қажет. Сондай-ақ, өтінімдерді 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы да беруге болады. "Азаматтарға арналған үкімет" мамандары мәліметтерді нақтылау мақсатында және менеджердің келу уақытын белгілеу үшін қызмет алушымен байланысатын болады" - делінген хабарламада.
ХҚКО-дан тыс жерде менеджерлер төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігін алу және көлік құралдарын тіркеу жөніндегі қызметтерді қоспағанда мемлекеттік қызмет түрінің кез келгенін көрсете алады. Пилоттық жоба еліміздің барлық өңірінде іске қосылған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір