• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 13:36:50
Алматы
+35°

Бүгін Астанада «Таза Қазақстан» науқаны мен Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасының аясында сенбілік өтіп, «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының маңына еліміздің танымал спортшыларының қатысуымен ағаш отырғызылды. Іс-шараның өтуіне Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Нұра ауданының әкімдігі ұйытқы болған.

Осынау іс-шараға шорт-тректен Қысқы Олимпиаданың қатысушысы, ел тарихындағы әлем Кубогінің бірінші жеңімпазы Абзал Әжіғалиев,  шорт-тректен қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері Малика Ермек, қазақстандық футболшы, Қазақстан Медиа футбол федерациясының тұңғыш президенті Дидар Сыдыбек, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпиондары мен елшілері белсене қатысты. 

– Өзім Орал қаласының тумасымын. Туған жерім жап-жасыл әрі ағаштарға бай. Ол жақта тұрақты түрде сенбілікке қатысып, экологияның таза болуына үлес қосатын едім. Ал 2018 жылы Астана қаласына көшіп келдім. Еліміздің астанасы да ағаштарға бай, әсемдігімен ерекшеленсе деймін. Сондықтан бүгінгі сенбілік пен «Таза Қазақстан» акциясының бір мүшесі болғаныма өте қуаныштымын, – деді Абзал Әжіғалиев. 

Экологиялық акция барысында бес ауданда 2 мыңнан астам жасыл желек, ал Хан-Шатырдың маңында емен, қайың, қарағай сынды 100-ден астам көшет отырғызылды. 

– 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында құсбегіліктен ел тарихында тұңғыш алтынды иелендім. 2018 жылы Қырғызстан еліндегі додада қола жүлдегер атанған болатынмын. Алайда Астана қаласында шара ұйымдастыру деңгейінің жоғарлылығымен ерекшелене білді. Жалпы қалалық сенбілікке қатысу бала кезден қалыптасқан. Осындай шаралар арқылы бойға жақсы әдеттер қалыптасып, өзгелерге үлгі боламыз, – деді 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Астана қаласының елшісі әрі чемпионы Ертуған Серікбек ойымен бөлісіп. 

Естеріңізге сала кетейік, елордада Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы өтіп жатыр. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, орамішілік және аула аумақтарының кірме жолдарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге бағытталған.

Дереккөз: elordainfo.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір