• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 00:45:11
Алматы
+7°

07 Қараша, 2024 NEWS

Енді қазақстандықтар коммуналдық қызметтерді кім және қанша тұтынатынына байланысты төлейді

Қазақстанда коммуналдық қызметтерді тұтынудың әлеуметтік нормалары бекітілді. Енді ел тұрғындары коммуналдық қызметтерді кім және қанша тұтынатынына байланысты әртүрлі төлейді.

көрнекі сурет

Тоқаев биыл халыққа жолдауында жыл соңына дейін энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөнінде ұлттық жобаны бекіту қажетін айтқан еді. 

“Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Келесі жылдан бастап “көп тұтынсаң — көп төлейсің“ қағидатын басшылыққа алып, тұтынудың нақты нормаларын енгізу қажет", – деді президент. 

Қазақстанда коммуналдық қызметтердің төмен тарифтерін ескергенде, энергия мен суды тұтынудың деңгейі әртүрлі. Артық көлемде тұтыну — бұл ресурстарды ысырап ету. Ендеше әлеуметтік нормаларға толығырақ тоқталайық. Сумен жабдықтау саласында тұтыну лимитіне байланысты төрт деңгейлі тарифті қолдану көзделген. Мұнда экономикалық шығындар былайша бөлінген:

  • айына 3 текше метрге дейін тұтынатын бірінші топқа халыққа арналған тариф деңгейінде;
  • айына 3-тен 5 текше метрге дейін тұтынатын екінші топқа халыққа арналған тариф деңгейіне 20% қосылады;
  • айына 5-тен 10 текше метрге дейін тұтынатын үшінші топқа халыққа арналған тариф деңгейіне 50% қосылады;
  • айына 10 текше метрден көп тұтынатын және есептеу құралдары жоқ төртінші топқа халыққа арналған тариф деңгейіне 100% қосылады.

Жылумен жабдықтау саласында тарифтерді саралау тұрғын үй алаңының бір абонентке шаққандағы шамасы бойынша жүзеге асырылады:

  • тұрғын үй ауданы 100 шаршы метрге дейінгі бірінші топ — бекітілген тариф бойынша;
  • тұрғын үй ауданы 100-ден 200 шаршы метрге дейінгі екінші топ — бекітілген тарифке 10% қосылады;
  • тұрғын үй ауданы 200 шаршы метрден асатын үшінші топ — орташа тариф бойынша.

Айта кетерлігі, табиғи монополиялар субъектілері қосымша алған табыс Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басым міндеттерді шешуге көмектеседі. Сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша жабдықтар мен желілерді жаңартуға, қайта құрылымдауға, негізгі құралдарды сатып алуға бағытталады. Бұл қаражат ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға жұмсалады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коммуналдық төлем

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір