• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 01:21:53
Алматы
+7°

07 Қараша, 2024 NEWS

ашыө дереккөзден

"Ресей АЭС құрылысына қатысты өз ұсыныстарын дайындап қойған. Біз президент Тоқаев өткізген референдумды бақылап, оның атом энергетикасын дамыту жоспарларына қолдау көрсеттік. "Росатом" бұл мәселені қазақстандық достармен бірлесіп шешу үшін өз құзыретін толық қамтамасыз етуге дайын. Біз басқа мемлекеттердің тиісті органдарымен және құрылымдарымен ынтымақтастыққа дайынбыз", – деді Лавров.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айының басында Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша халықаралық консорциум құру қажеттігі туралы айтты. Дегенмен ол консорциумға кім және қандай жағдайда кіре алатынын нақтыламады.

Қазақстан ықтимал технология жеткізушісі ретінде төрт компанияны қарастырып жатыр. Олар, ресейлік "Росатом", Қытайдың CNNC, Кореяның KHNP және Францияның EDF компаниялары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір