• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 02:48:15
Алматы

19 Қараша, 2024 NEWS

Қазақстанда жаңа институт құрылды

Қазақстанда Жылқы шаруашылығы институты құрылды. Мұны15 қарашада Астана қаласында өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы аясында Мемлекет басшысы Үкіметке тапсырған болатын.

Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының негізінде "Қазақ жылқы шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институты" ЖШС құрылды. Айта кетейік, мекеме "Ұлттық ғылыми-білім беру орталығы" құрамында. Бұл туралы 19 қарашада Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

-Жаңа құрылған институттың жұмысы – асылтұқымды жылқылардың сапасын жақсартуға, жылқы шаруашылығын белсенді дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және отандық тұқымды сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған. Алдағы бес жылда асыл тұқымды жылқы санын 6-7 пайызға арттыру көзделіп отыр,- деп мәлімдеді ведомство.

Жергілікті қостанай, адай және соғымға арналған мұғалжар, жәбе, күшім генотиптерін көбейту үшін селлекциялық және асылдандыру бағытында жұмыстар белсенді жүргізілмек.

-Ол үшін жылқылардың әртүрлі генетикалық топтары туралы ақпаратты сақтайтын деректер қорын және ұрықтар мен эмбриондар банкі құрылмақ. Сондай-ақ, биелерді қолдан ұрықтандыру зертханалық пунктін салып, арнайы жылқы өсіруші мамандарын дайындау жоспарланып отыр. Арнайы жылқы ветеринарлық клиникасын ашу арқылы ветеринариялық қызмет көрсету деңгейінің сапасы жақсарады, — дейді мамандар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір