• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 03:43:01
Алматы

19 Қараша, 2024 NEWS

Борышкердің мүлкі сатылып, түскен қаржы мұғалімдерге үлестірілді

Алматы облысының прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жекеменшік гимназиясының мұғалімдерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді

Көрнекі сурет

Мектеп басшылығы банкроттық сатысында болғандықтан, мұғалімдерге 6 айдан астам уақыт жалақы төлемеген. 56 мұғалімге қарыздың жалпы сомасы 40 млн теңгені құрады. Атқарушылық өндірістер жүргізілгеніне қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмаған.

- Прокуратураның араласуының нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүліктері анықталып, сатылымға шығарылды. Түскен қаражат қарыздарды өтеуге бағытталып, педагогтардың еңбек құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді, - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір