• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:32:01
Алматы
+12°

26 Ақпан, 2014 NEWS

Украина: Қайдасың, Янукович? Сені соттаймыз!

Қайдасың, Янукович? Украина бұрынғы президенті Виктор Януковичті іздеп, таппай жатыр. Киевтегі төңкерістен кейін оның Харьков қаласына барғаны белгілі. Мұны...

Қайдасың, Янукович? Украина бұрынғы президенті Виктор Януковичті іздеп, таппай жатыр. Киевтегі төңкерістен кейін оның Харьков қаласына барғаны белгілі. Мұны дәлелдейтін бейнежазба да бар. Кейбір мәліметтерде оның сол жерден Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кеткені айтылған-ды. “Донецкие вести” газетінің хабарлауынша, Януковичтің ұшағының Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кеткен рас. Бірақ оның ішінде Янукович болмаған. Бұл жұрттың назарын басқа жаққа аудару үшін жасалған қулық. Газетке хабар жеткізген сенімді дереккөздің мәліметінше, Виктор Янукович Харьков қаласының түбіндегі саяжайда тығылып жатыр. Бұл саяжай жергілікті ықпалы зор шенеуніктікі. Янукович әлі күнге сонда тығылып отыр ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Кейбір мәліметтерде Виктор Януковичтің машинамен Қырымға қарай қашып кеткені айтылады. Украинаның «Бостандық» ұлтшыл партиясының жетекшісі Олег Тягнибоктың ойынша, Янукович Ресейдің Қара теңіз флоты жалға алған Украинаның Севастополь қаласында. Януковичке қолдау көрсету мақсатында Ресей осы қалаға өз әскерін кіргізбекші. Осыдан бір күн бұрын «Янукович Қырымда ұсталды, оны арнайы ұшақпен Киевке алып келе жатыр» деген ақпарат айтылған. Бірақ, бұл сөз бекер болып шықты. Виктор Януковичтің қай жерде жасырынып жүргені жөнінде түрлі болжам айтылады. Біреулер оның Мәскеуде отырғанын айтса, енді біреулер Янукович Украинаға іргелес жатқан Ресей қалаларының бірінде деп есептейді. Қалай болғанда да, осы болжам көңілге қонымды. Себебі, Харьков, Севастополь, Керчь сияқты қалалардың халқының басым бөлігі Украинаның жаңа билігін мойындамағанымен, ол жерлердегі Украинаның қауіпсіздік қызметі мен басқа органдар Киевке бағынады. Елдің орталық билігі Януковичті Киевтегі қырғынға кінәлі деп тауып, қылмыстық іс қозғап, оған іздеу жариялады. Сондықтан оның Украина аумағында тығылып жүруі қауіпті. Украинаның арнаулы қызметі тіміскіленіп жүріп, оны кез келген уақытта ұстап алуы мүмкін. Ал Украинаның жаңа билігі кезектен тыс президенттік сайлау өткізу науқанын жариялады. Президенттікке үміткерлерді тіргеу 25 ақпанан 4 сәуірге дейін созылады, президенттік сайлау 25 мамырда өтеді. Әзірге президенттік сайлауға қатысқысы келетіні жөнінде Харьков облысының губернаторы Михаил Добкин, оппозицияның лидерлері Юлия Тимошенко мен Виталий Кличко мәлімдеді. Бірақ, олар да әлі орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш берген жоқ.

Жұмаш Көкбөрі
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір