• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:26:25
Алматы
+12°

28 Ақпан, 2014 NEWS

Қазақ отбасы ойыншық емес, Анна ханым!

«Время» газетінің ақпанның 13-індегі нөмірінде жарияланған Орталық Азия Психоанализ институтының директоры Анна Кудиярованың «Не надо идеализировать казахскую...

«Время» газетінің ақпанның 13-індегі нөмірінде жарияланған Орталық Азия Психоанализ институтының директоры Анна Кудиярованың «Не надо идеализировать казахскую семью» атты сұхбатын оқыдық та шошыдық. Басқасы басқа, дәл мен өз басым бұқаралық ақпарат құралдарында психолог маман ретінде пікір білдіріп жүрген Анна Мергенбайқызынан мұндайды күтпеппін. Үндемей жылы жауып қоя салуға да болар еді. Бірақ сұхбат берушінің ұлттық қасиеттерімізге көлеңке түсіруі намысымызды келтірді. Оның үстіне орыстілді басылым арқылы бүкіл қазақ отбасына қара күйе жағып отыр.

Қазақ отбасы қашанда тектілікке, тазалыққа ерекше мән берген. Жеті атаға дейін қыз алысып, қыз беріспеген. Қыз баланы қонақ деп төрге отырғызып, болашақ ана ретінде құрметтеген. Қыз баланың арына түскен дақ ұлтқа келген қауіп болып есептелген. Ал енді Кудиярова не дейді: «…С другой стороны, много девушек, которым под тридцать, а они все берут свое целомудрие для будущего мужа. Одна моя клиентка гордилась тем, что вышла замуж в 43 года и была при этом девственницей, хотя, на мой взгляд, тут скорее плакать надо, а не гордиться. Даже у наших восточных мужчин меняется отношение к девственности. Они уже не переживают, если жена не сохранила себя. А в случае если избранница оказалась невинной, иногда даже задаются вопросом: почему так произошло, неужели она никому не была нужна?». Осыған қалай сенуге болады? Қазақ халқы үшін неке тазалығы – адамгершіліктің ең жоғарғы өлшемі. Болашақ отбасының беріктігінің, татулығының бастамасы. Қыздың, қалыңдықтың ар алдындағы тазалығы аналық парызының бір өтемі болуы тиіс. Ата-бабаларымыз «Қызға қырық үйден тыйым» сала отырып, «қыз қылығымен» деп әдепті, инабатты, арлы болуын талап еткен. Бойжеткен қыздың абыройын ауыл-аймақ, тіпті бүкіл бір рулы ел болып қорғаған. «Жаным – арымның садағасы» деп ар тазалығын бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Сұхбатты әрі қарай оқиық: «…одна пара моих клиентов столкнулась с проблемой: мужу хочется группового секса, но с участием жены, а она этого не приемлет. Хотя, попровав однажды, с удивлением поняла, что это доставляет удовольствие. В результате любовь к мужу помогла понять, что он так устроен, и если она хочет видеть его счастливым, то стоит время от времени соглашаться на такой вид близости» дейді. Қоғамның мақсаты – батыстың қаңсығын қазақ отбасына телу емес, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді насихаттап, қыз-жігіттеріміздің бойына сіңіру емес пе?! Мынандай «ақыл-кеңес» беру арқылы психолог маманның ойының арғы түбінде не жатқанын түсінбедік. «…Сегодня у меня нет практически ни одной клиентки, которая бы не вспоминала, как в раннем детстве или в отрочестве отец, отчим, брат, дядя, родственник или сосед не пытались соблазнить ее или даже просто насиловали. Я это называю тихой домашней педофилией» дейді тағы да. Қазақ отбасында әркімнің өзіндік рөлі болған. Қашанда әке – әке, шеше – шеше, бала – бала болып қалады. Қазақ баласын «Қошақаным, Балапаным, Алтыным, Ботақаным» деп мейірлене асқан махаббатпен өсірген. Әкеге, бауырға деген құрмет ерекше болған. Ал А.Кудиярованың мына сөзі жанымызды түршіктірді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­си­тетінің жалпы және этникалық психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Жарас Сейітнұрдан осы материал жөнінде пікір сұрағанымызда ол бізге былай деді: «Бұл таза батыстық көзқараста жазылған, біздің мәдениетімізге қайшы сұхбат. Дәл қазіргі уақытта бізге отбасылық құндылық керек. Біздің қазақта отбасылық құндылық болған. Өз басым қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан, сүзгіден, сыннан өткен дәстүрін құрметтеймін. Ал мұнда айтылып отырғандардың барлығы Еуропадан шығып жатқан қаңсық дүниелер. Бұл психоанализді қазіргі ғалымдар «жалған ғылымға негізделген» деп мойындамайды. Мәселен, Нобель сыйлығының лауреаты Питер Медавар дәл осы психоанализді «ХХ ғасырдағы ең орасан зор интелектуалдық алаяқтық» деп атаған. Ал америкалықтар психо­анализге кеткен уақытты босқа өткен уақыт, босқа шашылған ақша деп есептейді. Ашығын айтқанда, бұл бизнестің бір түрі, яғни ақша жасаудың бір тәсілі. Ол өте қымбат тұрады және ұзаққа созылады. Пациент терапевке тәуелді болып қалады. Соның айтқандарына шындықтан алыс болса да, бұрмаласа да сене бастайды. Олар өз жұмыстарын осындай жолдармен насихаттап отыр. Батыстық көзқарасты бізге әкеліп таңып жатыр. Оның ғылыми жағына көңіл бөліп жатқан жоқ». Әр халықтың өзінің туа бітті мінез-құлқы, өзіне тән психологиялық ерекшеліктері болады. Бір қынжыларлығы, біз көбінесе осыған мән бере бермейміз. Сырттан келген, бір сөзбен айтқанда, импортталған психологияға әуеспіз. Бала тәрбиені отбасынан алады. Ұлттық тәрбиемізді, адами қасиеттерімізді осындай өліара кезеңде жойып алмай, жаһандану кезеңінде абыройымызды төгіп алмауымызды басты қағида еткеніміз жөн. Біздің басты міндетіміз – төлтума психологиямыздан ажырамай, отбасылық құндылықтарымызды арттыру болуы қажет.

Бағдагүл Балаубаева

 

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір