• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 15:40:56
Алматы
+12°

28 Ақпан, 2014 NEWS

Қазақтың жауы - орыстар емес, іштен шыққан «шұбар жыландар»

Бұл арада «Қазақ Халқы» деп әдейі бөліп айтып отырғанымның өзіндік себебі бар. Елімізді мекен ететін Қазақтардан басқа барлық «қазақстандықтардың» есебі түгел....

Бұл арада «Қазақ Халқы» деп әдейі бөліп айтып отырғанымның өзіндік себебі бар. Елімізді мекен ететін Қазақтардан басқа барлық «қазақстандықтардың» есебі түгел. Ұлттық теңгеміздің құнсыздануы да оларға әсер етпейді. Себебі, олар о бастан Қазақты, Қазақтың жеке ел болғанын қойып, Қазақтың ұлттық теңгесіне де шекесінен қараған. Олар бар тапқан-таянғандарын «доллармен», «рубльмен» сақтаған. Машкевич сияқтылар, тіпті, Қазақ есебінен тапқан бар байлығын Израильге аударып жіберген. Ан Ким, Цой, Цхай, Миттал, т.б. байлығын біздің ұлттық теңгемен емес, шетел валютасымен сақтайды. Ал, біздің орысқұлдарымыз да олардан кем түспейді. Олар  23 жыл ішінде елімізден 145 млрд. АҚШ долларын шетел асырып жіберген.

Сонда жалғыз сорлап қалған тағы да осы мемлекетті құраушы ұлт – біз, Қазақтар ғана! Қазіргі ұлттық теңге құнсызданғаннан кейін қайыршылыққа ұшырап қалған тағы да – біздің маңдайының соры бес елі ұлтымыз Қазақтар! Украинадағы ұлы өзгерістер, сол елдің қанішер басшыларының табандарын жалтыратып тұруымен аяқталғанын, біздің билік көріп, біліп отыр. Әрине, ол ұрылардың іштері қан жылайды. Бірақ, саспайды. Себебі, арқа сүйейтін "орекеңдер" бар!

Қашқын Янукович қазірдің өзінде Ресейден әскери  көмек сұрап отыр. Біздікілер де сөйтеді. Әлемнің геосаяси жағдайы ушығып, әр кім басымен қайғы болып жатқан тұста біздің мемлекет басшымыз Мәскеуге барып, миф «ЕуроАзиялық одақ» туралы лекция оқымақ! Бұған күлесің бе, жылайсың ба? Әлде сасқан үйрек артымен жүзедінің кебі ме?.. Елдегі сіңірі шыққан Қазақтарымыз – қайда, кімге барп шағынарын білмей дал. Біздегі қатардағы әлі сол «шүлдірлеген» қалыптары. Олардың күндіз-түні ойлайтындары – «орекеңдер аман болсын!». Осы арада тағы да қайталап айтамын, Қазақтың жауы - орыстар емес, өзіміздің ішімізден шыққан «шұбар жыландармыз».

Мен таң қаламын, бұлар отарлаушылар тілінде сөйлегендеріне неге намыстанбайды екен деп. Бірақ, күні бүгінге дейін, сол сұрағыма жауап алған емеспін.

Тексіз, дінсіз, тілсіз, орысқұл билік және олардың шашбауларын көтергіш «шүлдірлегіштеріміз»де - ешқашан да ұлттық намыс болған емес! Болмайды да! Жалғыз ғана сорлап жүрген - өзіміздің Қазақтарымыз! Мына билік Қазақты қорлап бітті. Тіпті, бұларды аяқтарын талтитып қойып, Қазақтың төбесіне шығып алды десе де болады! Ашығын айту керек, мына ұлттық намыссыз орысша биліктен Қазақтар әбден шаршады! Шыдамның да шегі бар екенін оларға өздерінің қожайындарының тілінде «шүлдірлеп» жеткізсем бе екен? Одан бәрібір пайда жоқ!.

Жұмаш КӨКБӨРІ

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір