• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 10:11:51
Алматы
+35°

29 Сәуір, 2019

Ержан Максим: Байқау әділ өтті, бірінші орын алмағаныма өкінбеймін

Ресейдің белді әртістерінің өзі жеңімпаз Ержан болуы керек еді деп өз пікірлерін әлеуметтік желі арқылы айтқан болатын.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ресейлік "Голос. Дети" жобасында екінші орын алған Ержан Максиммен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық әнші Ержан Максим "Голос. Дети" шоуының айналасында туындаған жанжалға қатысты пікір білдірді. 

"Ержан бауырымыз "Голос.Дети" байқауында екінші орын алды. Осыған дейін жас таланттар конкурстарға қатысатын. Бірақ финалға шыға алмайтын. Тіпті, финалға шықты десе қуанатынбыз. Өздеріңіз көрдіңіздер, Ержан суперфиналға шықты. Нәтижесінде екінші орын алып, үлкен жетістікке жетті", - деді министр.

Министр жас әншіге IPad mini планшетін сыйға тартып, шығармашалығына табыс тіледі.

Ержан Максим

Кездесу барысында журналистер Ержаннан "Голос. Дети" байқауының қорытындысына көңілің тола ма, бірінші орын алмағаның үшін өкпең бар ма?" деп сұрады. 

"Жоқ, бірінші орын алмағаным үшін ешкімге өкпелемеймін. Бір жағынан, бірінші орын алмағаным да жақсы болды. Егер мен байқауда бірінші орын алсам, бәрі мені құттықтайтын еді. Енді екінші орын алсам да, әртістер танып, әлеуметтік желіде оқырмандарым көбейді", - деді Ержан Максим.

Сонымен қатар, жас әнші қазақстандарға өз алғысын білдірді.

"Голос. Дети" байқауынан соң көп нәрсе өзгерді. Бұрын мені Орал халқы ғана танитын. Енді Қазақстанның жартысы таниды деп ойлаймын. Instagram желісіндегі оқырмандарым көбейді. Осылай қолдау білдіргендеріңіз үшін сіздерге рақмет айтамын. Менің ойымша, "Голос. Дети" байқауы әділ өтті", -деді ол.

Ержан Максим

Айта кетейік, 26 сәуірде Ресейдің бірінші арнасында "Голос. Дети" шоуының финалы көрсетілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Ал қазақстандық әнші Ержан Максим екінші орын иеленді. Бірақ көрермендер финал әділ өтпегенін айтып, шу шығарды. Көптеген ресейлік әртістер қазақстандық әншіге қолдау білдіріп, оны нағыз жеңімпаз деп білетінін айтты. 

Оқи отырыңыз, ♦Ержан Максим тегінің неге "Максим" екенін түсіндірді

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір