• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:39:03
Алматы
+12°

10 Наурыз, 2019 NEWS

Ғашығына 42 рет ұсыныс жасаған қария 72 жасында сүйіктісінің келісімін алды

Колин мен Полина алғаш рет балалары ойнайтын ойын алаңында кездескен

Колин Джонс пен Полина Янг 1976 жылы танысқан. Ал бір жыл бойғы кездесуден кейін ер адам іздеген адамы Полина екенін түсінді. Бірақ, әйел Колиннің тұрмысқа шығу туралы ұсынысын қабылдамады. Осылай, ол жыл сайын Колиннің  отбасын құру туралы ұсыныстарынан бас тарта берген. Ал енді, 42 жылдан және 42 сәтсіздіктен кейін, олар өздерінің қарым-қатынасын заңдастырып, некеге отырды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Колин мен Полина алғаш рет балалары ойнайтын ойын алаңында кездескен. Колин Полинаға бір көргеннен ғашық болғанын айтты. Алғашында олар Англияның Уэльс қаласында тұрған, бірақ 14 жыл бұрын Полина Мальтаға көшіп кетуге шешім қабылдайды. Онда ғашықтар кішігірім қонақ үй ашып, бірге жұмыс істеді.

Ғашығына 42 жыл бойы ұсыныс жасаған қария «иә» деген жауапты 72 жасында бір-ақ естіді

«Біз 43 жыл бойы бірге болдық. Көптеген жұптар осылай дейді, бірақ олар бір-бірін қанша уақыт көреді? Жұмысқа барар алдында бір сағат және жұмыстан келгеннен кейін бір сағат. Ал біз бірге өмір сүріп және бірге жұмыс істедік»,- дейді Колин.

Адамдар барлық уақытты бірге өткізген кезде бір-бірінің мінез-құлқындағы кемшіліктерді байқамауы мүмкін емес. Бірақ, Колин мен Полина заңды түрде некеге тұрмаса да, өмір бойы бірге тұрып, бір-бірін жақсы түсініп келді. 

Бірақ, уақыт өз дегенін алады демекші, соңғы кезде Полинаның денсаулығы сыр бере бастады. Содан ғашық жұп дәрігермен кеңесуді шешеді. Өкінішке орай, дәрігерлер әйелдің кортикобазалды дегенерацияға шалдыққанын айтады, және бұл диагнозды естігеннен кейін Колин мен Полина өз отандарына оралуға шешім қабылдайды.

Полинамен бірге тұрған уақытында Колин оған 42 рет тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасап, 42 жыл әйелі болуын сұраған. Ал ол үмітін үзгенде, 43-ші ұсынысты Полинаның өзі жасады. 42 жыл бойы «иә» деген жауапты күткен Колин бұл ұсынысты естігенде таңғалғаннан төсектен құлап кете жаздапты.

Ғашығына 42 жыл бойы ұсыныс жасаған қария «иә» деген жауапты 72 жасында бір-ақ естіді

Содан олар үйлену тойларын әулие Валентин күнінде қарттар үйінде жасауға шешім қабылдады. Осылайша, 42 жыл бойы бір-бірінен айырылмаған қарттар ақыры некелерін заңдастырды. Ал, қарттар үйінің әкімшілігі күйеу жігіт пен қалыңдыққа сыйлық жасап, олардың құрметіне қабылдау ұйымдастырды.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір