Мұндай пікірді Астанада «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 148 жыл толуына орай өткен «Әлихан Бөкейхан. Марксизм қағидасынан ұлттық «Алаш» идеясына дейінгі эволюциялық жол» атты республикалық конференцияға қатысқан ғалымдар айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
«Шоқанның 6 томдығы мен Әлкей Марғұланның кейбір ғылыми мақалаларының қазақша нұсқасын оқуға болмайды. Себебі, өтірік аударылған. Ә.Марғұланның еңбектеріндегі аудара алмаған жерлерін тастап кеткен», - деді Ә.Бәкір. Ғалым Әлихан Бөкейханның аты-жөні көп жерде «Әлихан Бөкейханов» деп жазылып жүргеніне де өкінішін білдірді. «Дұрысы, Әлихан Бөкейхан. Бізді ұжымдық сана қалыптаспағандықтан көп ісіміз жолға қойылмаған. Алдағы уақытта барлық жерде «Әлихан Бөкейхан» болып жазылуын талап етуіміз керек», - деді алаштанушы. Конференцияға қатысушы ғалымдар Сәбит Байдалы мен Әбдіжәміл Бәкірдің сөздерін қуаттайтындықтарын жеткізді.
Оставить комментарий