Жомарт Айтқазы. Мың "Тәубә"

/uploads/thumbnail/20170708151730207_small.jpg

Қазақтың іші-сыртындағы проблемаларға қатысты күйініп пікір білдіріп отырсаң сабырға шақырып, тәубеңе кел дейтін сәуегейлер қаптап кетеді. Ал келдік тәубемізге. Бәріміз жамырап "тәубә" дейік. Қанеки! Мантра сияқты қылып мәнтрәпайттап айтайық: - Қазақтың бірлігінің жоқтығына "тәубә"! - Орысшаға судай қазаққа ана тілінің өгей болғанына "тәубә"! - Тәуелсізбіз деп жар салып, әлікүнге дейін Ресейдің боданы болып отырғанымызға "тәубә"! - Ширек ғасыр өзгеріс көрмеген, өзгеріп көрмеген коммунист билігіміздің болғанына "тәубә"! - Қуыршақтар мен саяси "жезөкшелер" қаптаған Парламенттің барына "тәубә"! - Халықтың қанын ішуді тоқтатпайтын, ұялмай өтірік айтып, асын ішіп, дағарасына тышып жүре беретін Үкіметтің барына "тәубә"! - Адам ұрық боп ішке түскеннен басы көрге жеткенше көлеңкесіндей еріп жүретін жемқор қоғамның болғанына "тәубә"! - Қағазда сызығы болғанмен қара жерде қазығы жоқ, ашық-шашық қорғансыз қалған шекарамыздың болғанына "тәубә"! - Халыққа қорған болуы керек сақшылардың халықты қанаушы, көшеде тонаушы болғанына "тәубә"! - Тарихта түрме көрмеген қазақтың абақтыда қалың елге айналып отырғанына "тәубә"! - Елбасының барына тәубе деп, баба аманатын да, ұрпақ алдындағы парызды да сол кісінің ғана мойнына арта салатын енжар, селқос қоғамның барына "тәубә"!

(тағы да "тәубалар" қосам десеңіз астына қоса беріңіз)

Оставить комментарий

Связанные Статьи