Гейдар Әлиев ана тілінің абыройын қалай асқақтатты?

/uploads/thumbnail/20170709061927422_small.jpg

Әзірбайжанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Вилаят Гулиев Гейдар Әлиев пен Иран басшысының арасындағы диалогты әңгімелеп берді, - деп жазады Qamshy.kz Oxu.az басылымына сілтеме жасап.

«Жоғарғы діни көсем Гейдар Әлиевті іс-шара өтетін залдың есік алдында қарсы алып, онымен екі қолдап амандасты. Олардың арасындағы әңгіме әзірбайжан тілінде басталды.  Біз және ирандық делегация тыныш тұрып олардың не жайлы әңгімелесіп жатқанын тыңдадық.

Жалпы сөзден кейін Гейдар Әлиев Хаменеиден сұрай бастады.

- Жақсы, Хамне қалай? (Хаменеидің туған ауылы, Тебризаға жақын орналасқан)

- Сен Хамнені де білесің бе? – деп таң қалды Иранның жоғарғы діни көшбасшысы. Сондай-ақ, Хамне Әзірбайжанның ұлы ағатушыларының бірі Мирза Фатали Ахундовтың да туған жері. Ол сіздің ауылдасыңыз. Сіз Ахундов туралы есігенсіз бе?

- Естігем, - деп құлықсыз жауап берді Хаменеи.

Хаменеиді түсінуге болады. Бәлкім, ол бүкіл саналы ғұмырын фанатизм мен парсылық режимге қарыс күреске арнаған «Кемал-уд-Довлеге хат» атты белгілі трактаттың авторымен ауылдас екеніне ерекше мақтанбайтын шығар.

Содан кейін Иран басшысы Гейдар Әливтен  Мәскеудегі  кезекті міндеттер, Армениямен келіссөздер кезіндегі Премьер жанжалын мәселесін реттеу туралы сұрақтар қойды. Сондай-ақ Президент өз кезегінде Армения мен Әзірбайжанның көрші ретінде Иранға қатысты мәселелерге қызығушылық танытты.

...Ақыры кездесудің ресми бөлімі басталды. Әрине, Хаменеи Иранның мемлекеттік тілі парсы тілін сөйлеуге көшті. Мұнда таң қалатын ештеңе жоқ. Ал таң қалатын жағдай оның сөзі орыс тіліне тәжірибесіз және сауатсыз аударлығанда туындады. Бір түсінбеушілік туындаған сияқты.

Бр-екі сөйлемнен кейін Гейдар Әлиев аудармашыға бұйырқты дауыпен «Тоқтаңыз!» деді де, Иранның жоғарғы басшысына назар аударды.

-Хаменеи мырза, бірер минут бұрын біз сізбен біздің тілде сөйлескен едік. Біз қазір Иранда екенімізді жақсы түсінемін. Және сіз де ресми бөлімде осы елдің көшбашысы ретінде парсы тілінде сөйледіңіз. Бірақ мен сіздің сөздеріңіз орыс тіліне не үшін аударылып жатқанын түсіне алмадым.

-Бірақ мен сіздерде мемлекеттік тілдеріңіз орыс тілі деп ойлаппын?!, - деген Хаменеи таңданысты жүзбен қарады.

-Тыңда, - деп Гейдар Әлиев жоғарғы дін басшысының қай елде мемлекеттік тілдің қай тіл екенін білмейтініне ашық ашу көрсетті. – Тіпті, КСРО кезінің өзінде Әзірбайжанда орыс тілі мемлекеттік тіл болмаған. Біздің Конституциямызда мемлкеттік тіл біздің ана тіліміз екені жазылған. Біз оны Мәскеудің қысымына қарамастан қорғап, дамыттық. Осы тілде қаншама кітаптар, газеттер басылды. Ал Тәуелсіздік алғаннан кейін біз тек осы тілді, ана тілімізді қолданамыз! Мен сіздің басыңызға Әзірбайжан Республикасында мемлекеттік тілі орыс тілі деген ой қайдан келгенін түсіне алмаймын!  Бұл тіл өте жақсы екенін білем, бірақ барлық ресми келісімдерді әзірбайжан тілінде жүргіземін.

Гейдар Әлиевтің бірден наразылық танытқанына Иран жағы әбігерленіп қалды. Олар бұл жағдайдан қалай шығарларын білмесе керек, алдын-ала аудармашы шақырмаған, немесе Әзірбайжан Президентінен мұндай реакция күтпеген.

-Жақсы, бұл жолы біздің елші аударуына болады. Бірақ сіздер Әзірбайжан туралы қарапайым нәрселерді білмейтіндей, ол соншалықты алыс ел емес,  - деп атап өтті Гейдар Әлиев.

Әлиев былай шыққанда Хаменеиге Иран тарапының көзқарасы бойынша тағы бір рет ескерту айтты.

-Бүгінгі кездесудің артықшылықтарының бірі, Сіз Әзірбайжанның мемлекеттік тілі орыс тілі емес екенін білгеніңіз деп ойлаймын, - деді.

Иранның жоғарғы дін басшысы жауап орнына:

-Иә, Алла кешіреді!, - деді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи