Шымкенттіктер «91» тобының концертін өткізуге қарсылық білдірді (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709065842379_small.PNG

Шымкенттік жастар жиналып, «91» тобына қарсылық білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Оңтүстік жастары арнайы бейнематериал дайындап, қазақ сахнасында қызылды-жасылды жігіттердің жүруіне қарсы екендерін айтты.

«Бізге азғындар емес, азаматтар керек! Бізге құзғындар емес, қырандар керек! Елін сүйген ұландар керек!» деді Шымкент жастары.

Бейнематериалда белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлы да бой көрсеткен. Әнші оңтүстік жастарын қолдап, қазақ сахнасында «91» тобының жүруіне қарсы екенін жеткізген.

Аталмыш видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі шымкенттік жастарды қолдаса, енді кейбірі 30-40 адамның барлық Оңтүстік жастарының атынан сөйлеуге болмайтынын айтып жатыр.

Айта кетейік, бұған  дейін Ninety one Шымкент қаласында концерт өткізуді жоспарлаған болатын.

Оставить комментарий

Связанные Статьи