Рафис Абазов,тарихшы: Ватикандағы парсы, қытай, латын деректеріне қолы жеткізу қиын

/uploads/thumbnail/20170708152321899_small.jpg

Тәуелсіздік жылдары  отындық тарихтану  ғылымы айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Себебі, төл тарихымызға ұлттық мүдде тұрғысынан қарауға, баға  беруге  мүмкіндік туды. Сонымен  қатар,  шетел тарихнамаларындағы Қазақ тарихына қатысты деректердің  жаңа көздері ашыла бастады. Және мұндай бастамаларға мұрындық болып  жүрген ғалымдардың бірі Колумбия университетінің профессоры (АҚШ) Рафис Абазов. Ол «Рим және Алаш: мәдени мұра» ғылыми жобасының аясында мұрағаттарды зерттеуге шақырылған болатын.

    Осы орайда, Абазов мырзаның қазіргі тарихи зерттеулерге байланысты пікірін білген едік...

Ба­тыстың ағыл­шын тілдес ел­дерін­дегі ұлттық тарих оқу­лықтарын жазу тә­жі­­рибесіне тоқталғанды жөн көріп отырмын. Батыс, АҚШ-тағы ғылыми көзқарастар XXI ғасырда тарихшыларды жаңа сын-қатерлер, жаңа мәселелер түйісі, тарихқа деген көзқарасты жаңарту қажеттілігіне жетеледі. Мен АҚШ тарихнамасындағы болып жатқан негізгі деген үдерістерге тоқталмақшымын. Менің ойымша, тарихи зерттеу ауқымы мен үдерістеріне әсер ететін үш негізгі сын-қатер бар. Біріншіден, жаһанданумен, тұрғындар құрылымының күрделілігімен, тұрғындар мәдениетімен және көші-қонмен, мультикультуризмнің дамуымен байланысты қоғам жүйесі құрылымының күрделілігін көрсету қажеттілігі. Яғни қоғамның күрделенуіне орай, көңілді макротарихқа ғана емес, микротарихты зерттеуге бөлу қажет. Екінші сын-қатер – тарихты зерттеуде, тарихты оқытуда, әсіресе жаратылыс ғылымдарында қазіргі технология мен ғылым жетістіктерін қалай кіріктіруге болады. Мәселен, математикалық моделдеу, космостық топография, генетика. Осы жетістіктердің барлығын қалай қазіргі ғылыммен кіріктіру керек. Үшінші сын-қатер – қолдағы бар тұжырымдар мен тарихтың құрылымына деректерден, материалдар мен құжаттардан алынып жинақталған білімді кіріктіру. Мысалға, 19 ғасырдың соңы мен 20 ға­сырдың басында, дүниежүзінде, әсіресе Еуропада ұлттық мемлекеттер қалыптасқан кездегі тарихи құрылым бар. Яғни, 19 ғасыр мен 20 ғасыр басында көптеген империялар империя ретінде жойылды, Еуропада және Азияда ұлттық мемлекеттер пайда болды.  Тарихқа жаңаша қараудың мәні бар ма? Бұл сын-қатерлерге жауап ретінде АҚШ ғалымдары оны түсіну үшін және оған жаңаша жол табуға, өздерінің жаңаша жауабын беруге талпынуда. Алынған жаңа жауаптарды қазіргі кезеңнің оқулықтары мен материалдарын жазу тәсілдерімен кіріктірмекші. Американдық ғалымдар бұл үш сын-қатерге қалай жауап беруде? Біріншіден, деректермен жұмыс, әсіресе, мәдениет тарихы бойынша.Жаңа материалдарды оқулыққа енгізу. Былтыр әріптестер көмегімен АҚШ тарихында бірінші рет Қазіргі заманның қазақ әдебиеті тарихы бойынша жинақты шығардық. Тарихты зерттеуде мәдениет тарихы материалдарын кіріктіру болып табылады. Мұндайда қызық жағдайға назар аударылуы керек. Кез-келген материалды, жазба материалдарды электрондық нұсқасын жасап, оны басқа тілге аударуға мүмкіншіліктер бола тұра, қазір жасанды интеллект, жасанды тіл құру үшін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Ескі араб ғарпіндегі, латын жазбасындағы және қазіргі кириллицадағы қазақ тілі бар. Деректер де өте көп. Мәселен, Ватикандағы парсы, қытай, латын тілдеріндегі деректерге барлық кезде ғалымдар қол жеткізу қиын. Біз барлық адамдар сияқты барлық тілді меңгермейміз. Екі, үш, төрт, осымен шектелеміз. Бірақ, түймені басып, кез-келген деректі электронды тілге айналдырса ше? Яғни, Қазақстан тарихы бойынша парсы тіліндегі дерек электронды нұсқаға түссе, оны компьютер түймесі арқылы қазақ, қырғыз, башқұрт және орыс тілдеріне де аударуға болады және керісінше. Мінекей, осындай үдерістер жасалуда. Бұл ғалымның жұмысын жеңілдетер еді. Екінші үдеріс. Біз Қазақстан тарихы қалай жазылу қажет екендігі туралы көп пікір айттық. Екінші үдеріс ХХ-ХХI ғасыр сын-тегеурініне жауап беру бағытынан шығып отыр. Бұл макротарихты жазудан бас тарту. Макротарихи көзқарас ауқымды картинаны көтеруге бағытталған. Бұл марксизмде формациялық көзқарас, Тойнбида өркениеттік, яғни, мұндай көзқарастар бар. Соңғы кезеңдері макротарихқа мән беретін ғалымдардың кітабы аз немесе зерттеу жұмыстары аз. АҚШ макротарихынан қол үзу орын алуда. Мұның жағымды да, жағымсыз да жақтары бар. Макротарихи көзқарастардан арылғанда, ол сүйенетін тарихи білімдердің құрылымы жоқ.Оның ішінде арнаулы тарихи білім. Соңғы жиырма жылда, 1992 жылдан бастап микротарих жазу үдерісі кең тараған. Микротарих түрлі құбылыстар мен нысандарды жазуға негізделеді. Мәселен, түйе тарихын жазу, оның үй жануарына айналуы, сауда ауқымының өзгеруі мен жібек жолын қоса, керуен жолдарын дамытуы және оның Еуразия континентіндегі өркениет дамуына әсері немесе басқа құбылыстар. Рим, Ватикан, Отырар немесе Баласағұн және т.б., тұрғындарының бір күндік тарихы, Қазақстан аумағындағы көшпелі отбасының бір күндік тарихы. Сол сияқты жаңа құжаттардың нысаны тарихын қайта қарастыру. Үшінші үдерістен жұрттың барлығы хабардар. Бұл климат және климат тарихын нақты математикалық моделдеу. Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде ауа-райы өзгерістер тарихын, ауа-райы өзгерістерінің түрлі өркениетке, түрлі әлем тарихына әсерін қарастырып көруде. Бұл жағдайда математикалық модельдеу ауа-райы өзгерістеріне, басқа да нәрселерге нақты қарауға, оның әлем халқының әскери тарихына, экономикалық тарихына, әлеуметтік тарихына әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, АҚШ-та үш негізгі үдеріс, үш негізгі сын-қатер және үш негізгі жауап кең тарауда. АҚШ тарихында тұңғыш рет соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның 7 ақыны мен 7 жазушысының еңбектерін аударып, жинақ шығардық. Кітапты американдық қауым жылы қабылдады. Тағы да  АҚШ-ғы ғылым дамуының сипаты – түрлі көзқарастарға ортақ пікір қалыптастыру немесе түсіну мақсатында – тарихи оқиғаларды немесе тарихтың басқа құбылыстарын бірлесіп зерттеу.

Оставить комментарий

Связанные Статьи