Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. 2015 жылдың бес айында ауыл шаруашылық саласында 6 млрд 353 млн. 900 мың теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 111,2 пайызды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 5 млрд 691 млн. 800 мың теңге, нақты көлем индексі 112,2 пайыз, ал егін шаруашылығы бойынша 662 млн. 100 мың теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерінің жалпы көлемі 193 мың 682 гектар, оның ішінде егістік жер көлемі 91 мың 146 гектар, мұның 40 мың 587 гектар жері тәлімі, 33 мың 300 гектары суармалы, жайылым 101 мың 107 гектар, көпжылдық қондырғылар 1 мың 429 гектар, тыңайған жер көлемі 17 мың 559 гектар.
Үш жақты келісім бойынша тапсырма 56 800 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдарын егу жаспарланған. Ағымдағы жылдың төрт айында 55 мың 342 га жерге ауылшаруашылық дақылдары егіліп, жоспар 97,5 пайызға орындалды. Атап айтқанда барлық дәнді дақалдар 16 мың 096 га, оның ішінде: күздік бидай 11 420 га, жаздық бидай 3 мың 200 га,жаздық арпа 1 мың 476 га. Барлық майлы дақыл 6 мың 312 га, оның ішінде: мақсары 4 мың 290 га, күнбағыс 2 мың 022 га. Барлық мал азығы 18 мың 519 га, оның ішінде: жаңа жоңышқа 5 мың 234 га, ескі жоңышқа 13 мың 285 га, бақша 1 мың 971 көкөніс 2 мың 924 га және картоп 539 га, мақта 4 мың 400 га, дәндік жүгері 3 мың 421 га.
Аудан бойынша сүдігер айдау бойынша берілген тапсырмадағы 32 мың гектар жер толығымен айдалып, тапсырма 100 пайызға орындалды.
Аудан бойынша тапсырмадағы 33 мың 300 га суармалы жерді игеру бойынша бүгінгі таңға 32 мың 641 га жерге ауылшаруашылық дақылдары егіліп, тапсырма 98 пайызға орындалды. Егілген 11 мың 420 га күздік бидай алқаптары қоректендіріліп тапсырма 100 пайызға орындалды.
Аудан бойынша 2 мың 500 га суармалы жердің көлемін ұлғайту тапсырылса, бүгінгі таңға тапсырма 354 га орындалып тапсырма 14,2 пайызды құрады. Техникаларды жаңартуға 42 дана алу керек болса қазіргі таңға 20 данасы алынып, жоспар 47 пайызды құрады, жылыжай құрылысын салуға 6 га жоспарланса, нақты 5,24 га жылыжай құрылысы іске қосылып, тапсырма 87,3 пайызды құрады.
Нақты аудан көлемінде 2899 гектар жерге тамшылатып суару әдісі қолданылуда, 2015 жылға тамшылатып суғару әдісін енгізу бағдарламасы бойынша 800 гектарға жеткізу жоспарланса, ағымдағы жылдың бес айында нақты 579 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, тапсырма 72 пайызды құрап отыр.
Қой басын асылдандыру бағытында ауданда 3 шаруашылық жұмыс жүргізуде, олар: Бадам ауыл округінен «Сералы» ш/қ қойдан, «Ортай» ш/қ қойдан, Бөржар ауыл округінде «Сабыр» ш/қ жылқы және қазақтың қылшық жүнді қойын асылдандырып жұмыс жасауда.
Аудан көлемінде «Сыбаға» бағдарламасымен 1 мың 150 бас аналық және 39 бас асыл тұқымды бұқа сатып алуға тапсырма беріліп, бүгінгі таңға 274 аналық сатып алынып, тапсырма 23,8 пайызға, 10 бас асыл тұқымды бұқа алынып тапсырма 25,6 пайызға орындалды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша ауданға 1 мың 500 бас асыл тұқымды уақ мал сатып алуға тапсырма берілген, бүгінгі таңға 702 асыл тұқымды қойлар сатып алынып, жоспар 47 пайызды құрады.
«Құлан» бағдарламасы бойынша ауданға 250 бас асыл тұқымды жылқы сатып алуға тапсырма берілген, бүгінгі таңға 297 бас асыл тұқымды жылқы малы сатып алынып, тапсырма 119 пайызды құрады.
Аудан бойынша 50 бас асыл тұқымды бұқаларды сатып алып табынға қосу тапсырма берілген болса, қазіргі таңға 48 бас бұқа алынып тапсырма 96 пайызды құрады.
Ауданда мал мен құс еті 2015 жылдың бес айында 10 мың 022 тонна өндіріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 116,3 пайызды, сүт 15 мың 782 тонна өндіріліп 101,8 пайызды құраса, жұмыртқа 3 млн. 964 мың 500 дана өндіріліп 80,9 пайызды құрады.
Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ірі қара мал 12 мың 086 бас немесе 15,6 пайызға, оның ішінде сиыр 5 мың 302 бас немесе 19,4 пайызға, ешкі 6 мың 785 бас немесе 26,3 пайызға, түйе 130 бас немесе 21,2 пайызға және құстар 164 мың 467 бас немесе 28,6 пайызға кемісе, шошқа 839 бас немесе 12 пайызға, қой 21 мың 497 бас немесе 6 пайызға,жылқы 3 мың 006 бас немесе 20 пайызға артқан.
Алынған төл саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда: бұзау 6 мың 700 басқа, лақ 2 мың 772 басқа және бота 6 басқа кемісе, қозы 4 мың 785 басқа, құлын 516 басқа және торай 2 мың 536 басқа артқан.
2015 жылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданға келген 71 әлеуметтік сала мамандарына аудандық бюджеттен 9 млн. 850 мың 540 теңге көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алу үшін 30 маманға республикалық бюджеттен 89 млн. 190 мың теңге қаралды.
Оставить комментарий