Қазақстанға демократия керек. Сөз бостандығы жасасын деген әңгімелер айтылды. Бірінші экономика деді. Көнбегендер атылды, қудаланды. Соңында бүлікші атанды. Ресей батыс пен АҚШ-тың санкциясына түсті. Экономикамыздың арты ашылды. Мемлекетті жемқорлық жайлады деп шу көтердік. КНБ дәрігерлер мен мектеп директорларын ұстады. Антұрғандар солар екен. Демократияға, либералды экономикаға әлі ертерек болса керек. Әйтеуір бір реті болмай жатыр. Көндік. Білім саласына реформалар аздық етіп жатыр екен. Уақыт келе білім сапасы елде жақсара түседі дейді. Көндік. Күтеміз ғой. Құдай-ау қар тазалауға болатын шығар енді. Қар жауса қамалып пропкада тұрғаның. Күрелген қар жол жиегінде үйіліп тұр. Жұмысқа келіп көлігіңді қоятын жер таба алмай шыр айналып жүргенің. Айналайын билік, тым болмаса қар тазалауды үйреніп алшы.