«Оңтүстік – егіншілікке өте қолайлы жер»

/uploads/thumbnail/20170709164753835_small.jpg

2001 жылы бүкiл республиканың бюджетi 508 миллиард теңге едi. Ал, биыл тек Оңтүстiк Қазақстан облысының бюджетi 550 миллиард теңгеге жуықтады. Бұл бiр жағынан елiмiздiң қаншалықты дамығанының, екiншi жағынан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстiк өңiрге жасап жатқан қамқорлығының көрсеткiшi. Олай дейтiнiм, өңiр бюджетiнiң 120 миллиард теңгесi ғана облыстың iшкi табыстарынан құралған. Қалған 400 миллиардтан астам қаржы республика тарапынан трансферттер мен субвенциялар түрiнде аударылып отыр.

Оңтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед осылай дедi.Партия төрағасының бiрiншi орынбасары Ордабасы ауданындағы «Аделя» шаруа қожалығының жылыжай кешенiнде болып, арнайы ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң көрмесiмен танысты. Жұмысшылардың хал-жағдайын бiлiп, олардың жалақы мөлшерiн сұрады.

– Оңтүстiк Қазақстан облысында егiншiлiкке өте қолайлы жағдай бар. Мемлекет тарапынан да бұл салаға қомақты қолдау көрсетiлуде. Әрине, облыс аграршыларының көрсеткiштерi жаман емес. Бiрақ өңiрдiң әлеуетi бұдан да жоғары екенiне сенiмдiмiн. Айталық, жалпыөңiрлiк iшкi өнiмдегi ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 11-12 пайызды құрайды екен. Мiне, осы көрсеткiштi 20 пайызға дейiн жеткiзуге болар едi, – дедi Мұхтар Абрарұлы.

Айта кетейiк, М.Құл-Мұхаммед «Оңтүстiк» индустриалды аймағында болып, «ЕвроКристалл» серiктестiгiнiң жұмысымен де танысты.

А.САЙЛАУҰЛЫ.

«Оңтүстік Қазақстан» газеті

Оставить комментарий

Связанные Статьи