Танымал әнші Қарақат өзінің жары Қыдырәлінің екінші жары болып тұрмысқа шыққанын жасырмай айтып берді.- деп хабарлайды Қамшы порталы.
Бұл туралы ол 31-арнаның "Ұят емес" бағдарламасында айтты.
Ол Қыдырәлінің өзіне дейін басқа әйелі болғанын, бірақ ол әйелмен бір жылдан кейін ажырасып кеткенін және Қарақатқа өз аузынан бар шындықты жасырмай айтып бергенін атап өтті.
"Бірінші көтерген шаңырағы туралы, үйленгені туралы ешқандай бүкпесіз қалай бар, солай әңгімелеп берді. Бір жарым ай сонымен бірге тұрғанын айтты. Бірақ сол кезде оның артынан жүгірген қыздар өте көп болған екен. Алып бара жатқан бой ұзын, көрікті де жігіт емеспін дейді.
Сөйтіп жүріп, балалықпен, шалалықпен артымнан жүгірген бір қызға үйлендім деп ол маған ашық айтты.
Араларында бала болған, бірақ ол бала қырқына жетпей шетінеп кетті. Сонда ол баламен ұстаған Қыдырәліні. Аяғы ауырлап шыққан болуы керек. Содан бұл жағдайдан кейін бірден ажырасқан. Оған себеп те болған. Ол орысша тәрбие көрген қыз екен. Ол Қыдекеңнің көңіліне жақпады. Мен оны неге қазбалап, неге есіме алым, мазамды алуым керек?", - деді Қарақат.
Өзінің адресіне «косоглазая, кривоногая» деген сынды сөздердің көп айтылғанын, бірақ адам сабырға келсе не нәрсеге болсын қол жеткізеді деді Қарақат.