NASA 22 қарашада жасаған мәлімдемесінде Марс бетінде үлкен мұз айдыны табылғанын жариялады.
Мәлімдемеге сай, табылған мұзды теңіз АҚШ-тың Superior көлінің ауданымен бірдей. Бұндай зерттеу нәтижесіне Марс орбитасын үздіксіз бақылаудан кейін қол жеткен.
Техас университеті ғалымдарының бақылауы бойынша, мұз айдыны Марстың Utopia Planitia аймағында. Аталған мұз айдыны бойынша зерттеу жұмыстары Марсты тануда үлкен маңызға ие болмақ.
Ғалымдар Марстағы су көздерінің таралуы мен белгілі бір уақытта жоқ боп кетуі немесе мұз боп қатуы туралы зерттеулер жасап келеді. Зерттеу нәтижелері Марстың өткен тарихындағы үлкен көлдері мен өзендері болды деген болжам тудырады. Дегенмен, сол су көздерінің қазір неге жоғалып кеткенін анықтау аса маңызды болып тұр.
NASA, бұл су көздерінің алдағы уақытта Жерден ұшқан ғарышкерлер үшін су көзі болып, қажетке жарауы мүмкін екендігін де айтады.
1-10 метрлік топырақ қабатының астындағы мұз текшесі Марс атмосферасының сақталуы үшін маңызға ие. Қатты терең болмағаны үшін де алдағы уақытта ғарышкерлерге қолдануға қолжетімді болмақ. Зерттеушілер жалпы тереңдігі 80 мен 170 метр тереңдігіндегі мұз айдынында сұйық судың бар-жоғын да зерделеді. Нәтижеге сай, мұз текшесі түгелдей мұз күйінде.
Дегенмен аталған мұзды текшеде ешқандай еру процесі байқалмайды. Олай болған жағдайда Марстан микроорганизмдерді де кезіктіруге болар еді. Сондай-ақ табылған мұз Марс климатының ауытқымалылығының да сырын ашуға сеп болмақ.