Ең жұмбақты,таңғажайып, қызықты дүниелерді ұйқы барысында көреміз.Рим империясы Антикалық дәуірде түске асқан жауапкершілікпен қараған, тіпті, Сенатта мемлекеттік мәселелерді шешуде түс қазылармен арнайы талқыланатын болған. Олардың түсінігінше, түс - құдайлар жоғарғы лауазымды адамдарға әдейі жіберілетін аян деп білген. Қолбасылар майдандарда түсжорығыштарын алып жүретін болған.
Қазақ танымында да, «Абылайдың түсі» арқылы болашақты болжауы бәрімізге белгілі дүние.
Көптеген шығармашыл адамдарға ең керемет ойлары мен ашылулары түсіне енгені тарихи мәліметтерден таныс, оған бір мысал: Дмитри Ивановеч Менделеев химиялық элементтер кестесін түсінде көрген.
Қазақ халқы көрген түсті шебер жорығанымен ,ол жайлы білетініміз әлі аз. Түсті зерттейтін "сомнология" атты ғылым саласы бар. Сол сала өкілдерінің зерттеуі бойынша бізге мәлім жайттарды kaifodrom.ru сайтынан qamshy.kz қазақша нұсқада ұсынады.
Көргеніміздің 90% ұмытылып қалады.
Оянған соң бес минутқа дейін көргеніміздің жартысы ғана жадымызда болады да, он минуттан кейін тоқсан пайызы ұмытылып қалады.
Жанарынан зағип жандар да түс көре ме?
Бір кездері жанары сау болған,бірақ уақыт өте түрлі жағдайлармен көру қабілетінен айырылған жандар ,түрлі – түсті, ақпаратқа, адамдарға толы, кескінді, бояулы түстер көре алады. Ал , тумысынан зағип жандар суретті түстер көрмейді, бірақ олардың түстері сезімге байланысты бай болады. Олар дыбыспен, эмоциямен, түйсікпен байланысты.
Түсті барлығы көреді...
Түсті барлық адамдар көреді,тек психологиялық ауытқушылықтары барлар ғана бұл қатарға енбеуі мүмкін. Ал, ешқашан түс көрмеймін дейтіндер - ояна сала түсін ұмытып қалатындар . Олардың миы автоматты түрде керек емес ақпарат есебінде, өзі ығыстырып тастайды.
Түсінде тек таныс бейнелерді ғана көруге болады.
Ми өздігінен біз бұрын көрмеген кейіпкерлерді ойлап табуы мүмкін емес, тек таныстарымыз ғана енеді. Бұрын көріп , бірақ, есімізден шығып кеткен адамдар кіруі мүмкін. Өмір бойына көптеген адамдарды жолықтырып, мыңдаған бейнелер әр түрлі ақпарат көздері арқылы, әр түрлі жағдайда көз алдымыздан өтеді, мидың түске жауапты бөліктері жадыдағы толық ақпараттарға ие болмағандықтан , таныс емес адамды көрген әсерде оянамыз.
Ақ қара және түрлі-түсті түстер
ХХ ғасырдың 15 -жылынан 50-жылдарына дейін жүргізілген зерттеулер бойынша жанар сау жандардың 12%-ы ақ-қара түстер көреді, 60-жылдардан бастап бұл көрсеткіш 4,4% болып өзгерді. Мұндай өзгерістер 60-жылдардан бастап түрлі-түсті теледидар мен өзге де медиа құралдардың пайда болуына байланысты дейді ғалымдар.
Түстің тылсым мәні
Түсімізге әдеттегі дүниелер енбейді. Бізге өте таныс заттар мен әрекеттердің өзі түс кезінде өзгеше кейіпке еніп, басқаша мәнге ие болады. Түс тылсымға толы , түсімізге біз алғашқы архетиптегі кеңістікке тап боламыз. Ежелгі қазылардың назарын ерекше аударған да осы жайт болған. Себебі, ел басқарушыларының, тарихи маңызы зор шешім қабылдаушы қазылардың психикалық процесі обьективті шындық болып саналған. Ең дұрыс шешімдер ұйқы кезінде келетін болғаны, осылай түсіндіріледі, жоғарыда айтқандай, ояу кезінде талқыланған мәселелер,өзгеше кейіпте түске енеді.
Біз түсімізде сезінетін эмоциялар.
Біз көбіне түсімізден шошып оянып жатамыз, ең көп енетін эмоция – үрей екен. Жалпы, түс кезінде жағымсыз эмоциялар көбірек әсер қалдыратыны белгілі болды. Жайдары көңілмен ояну сирек кездеседі.
Бір түнде неше түс көруге болады ?
Бір түнде төрттен жетіге дейін түс көруге болады. Бір сюжетті оянып кетпесе, бір-екі сағат бойы, жалғастырып, көре беруі мүмкін.
Жануарлар да түс көреді
Жануарларға жүргізілген зерттеулер олардың да миы ұйқыдағы адамдың миымен бірдей жұмыс жасайтындығын көрсетті. Бұл кинологтар мен жай ғана итқұмарларға бұрыннан мәлім. Иттер түсінде үріп, еркелеп немесе ойнап жатқан қимылдарын, аяқтарын ербеңдетіп,құйрықтарын бұлғаңдата, басқа да әрекеттерімен айқын аңғартады.
Дененің қозғалыссыз күйге түсуі
Көздің жылдам әрекеті (фаза быстрых движений глаз, БДГ) деп аталатын, түс көру фазасы бар. Дәл сол уақытта кейіннен «түс» болып жадымызда сақталатын ақпараттарды көреміз. Көздің жылдам әрекеті фазасы түнгі ұйқының 20-25 % алады, бұл 90-120 минутта тең. Осы уақытта мида денені қозғалыссыз күйге түсіретін ерекше механизм пайда болады. Бұл артық қимылдар мен түс кезіндегі әрекеттерден тәннің зақымдануының алдын алады. Фазаның қызметі аяқталған соң қайтадан дөңбекшуге, қимылдауға болады.
Өң мен түстің арасы
Біз ұйықтап жатқанда сыртқы тітіркіндіргіштерді,ми түстің бір бөлігі етіп енгізеді. Мысалға, сіз ұйықтап жатқанда, көрші бөлмеде ініңіз гитарада жаттығып жатса, бір симфониялы концертте отырғандай, ондағы бір әртіс нотаны ұмытып жатқандай түстер енуі мүмкін. Немесе, таңертеңгі оятқыштың дауысы осы сияқты түс көруге әсер етеді. Түстің мазмұны әр адамның өз дүниетанымына байланысты. Бұл мидағы күзет пунктерінің әлсіз жұмыс жасауымен түсіндіріледі. Ол қарқынды жұмыс жасай бастағанда адам оянады.
Ерлер мен әйелдер түстері, бір-бірлеріне ұқсамайды.
Ерлер көбіне түсінде өзге еркектер қатысқан түстер көреді, олардың кейіпкерлерінің 70%-ын өз жынысындағылар құраса, әйелдерде 50/50 ,екеуі де тең дәрежеде. Еркектер түсінде өздерін әйелдерге қарағанда агрессивті ұстайды.
Аян беру
Бір топ адамдарға жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша: 18 % - 38%-ға дейін адамдар өмірінде бір рет болсын түс арқылы аян алған. Дежавю күйін 70%-ы бастан өткізіп көрген. Соның ішінде,68% - 98%-ы түске сенетін болып шыққан. Бұл зерттеулерде аян беру - дәл қазіргі уақытта ие емес, жаңа ақпараттың енуі,ретінде қарастырылған.
Қорылдаған адам түс көрмейді
Бұл туралы нақты айту қиын, себебі, ғылыми мақұлдау да, жоққа шығару да тіркелмеген. Бірақ, қарапайым өмірлік тәжірибелер бұл гипотезаны шындыққа балап отыр.
Аударған: Балнұр Омар
Оставить комментарий