Заңға қатысты жиі туындайтын сұрақтарға жауап беретін анықтамалық шықты

/uploads/thumbnail/20170709190658388_small.jpg

Азаматтардың құқықтық санасын арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қадағалау қызметінің материалдары негізінде «Прокурордың 100 кеңесі» анықтамалығын әзірледі деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұл құралда заң тұрғысынан күнделікті өмірде жиі туындайтын сұрақтарға жауаптар беріледі.

«Прокурордың 100 кеңесі» - 9 бөлімнен тұрады.

Олар: 1. Отбасыңыз үшін

           2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жайлы

           3. Сіздің бизнесіңіз үшін

           4. Еңбек қатынастары бойынша

           5. Құқық қорғау органдарымен қатынастағы

           6. Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөнінде

           7. Өзіңді алаяқтардан қалай қауіпсіздендіру керек

           8.  Сот органдарымен қатынастардағы

           9. Өтініш беру кезінде.

 

Оның әрқайсысында 10-20 кеңес бар. Әрқайсысына жеке-жеке тоқталсақ.

  1. «Отбасыңыз үшін» бөлімінде – баланың құқығы, бала жоғалып кеткен жағдайда не істеу керек? Ата-ана қандай жағдайда ата-ана құқығынан айырады және алимент, баланы балабақшаға орналастыру т.б отбасына қатысты халық арасында жиі туындайтын сауалдарға жауап береді.
  2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау жайлы. Бұл бөлімде отбасында зорлық-зомбылық көрген адамға қандай іс-қимыл жасау керектігін, қауіп төнген жағдайда, зорлық жасауы мүмкін адамды заң тұрғысына өзіңнен қалай алшақтату керек? Осы және өзге де мәселеге қатысты кеңес береді.
  3. Сіздің бизнесіңіз үшін. Аталмыш бөлімде - тексеріс кезінде кәсіпкердің қандай құқықтары бар және оны тексерушілер оны бұзған жағдайда не істеу керек? Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар турасында нені білу керек? деген сауалдарға жауап береді.
  4. Еңбек қатынастары бойынша. Бұл жерден сіз -  жұмыстан қысқартылған жағдайда жұмыскердің қандай құқықтары бар? Еңбек құқықтары бұзылғанда не істеу керек? Еңбек шартында қамтылуы тиіс бөлімдер және т.б сұрақтар қамтылған.
  5. Құқық қорғау органдарымен қатынастағы бөлімінен,  құқыққорғау органдарына сізді қандай жағдайда жеткізе алады? 72 сағат бойы сізді не үшін ұстауы мүмкін және сізді күдікті деп таныса нені білу керек? Бұдан бөлек басқа да көптеген сүрақтарға жауап береді.
  6. Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл жөнінде. Бұл бөлімнен жақын адамдарыңыздың азғындыру тұзағына ілінсе не істеу керек? Кепілге алынсаңыз өзіңізді қалай ұстау керек? Теракті кезінде не істеу керек, оның тәртібі. Терроризм мен экстремизмге қатысты көптеген сұрақтарға жауап береді.
  7. Өзіңді алаяқтардан қалай қауіпсіздендіру керек. Мұнда жерді рәсімдеу кезіндегі алаяқтық, қаржылық пирамида, ғаламтордағы алаяқтық, шарт жасасу т.б мәселелерге қатысты кеңес береді.
  8. Сот органдарымен қатынастардағы. Аталмыш бөлімнен қылмыстық іс сотта қалай қаралатыны, сот үкіміне кім шағым түсіре алады? Қандай жағдайда апелляциялық шағым түсіру керек? деген секілді сұрақтарға жауап алып, прокурор кеңесін оқи аласыз.
  9. Өтініш беру кезінде қажетті. Аты айтып тұрғандай, әртүрлі себеппен берілген өтінішке қатысты барлық сұрақтарға дерлік жауап береді. Мәселен, сіздің өтінішіңізді қарайтын адам неге міндеттеледі? Өтінішіңізге берілген жауапқа қанағаттанбасаңыз не істеу керек? Прокуратура басшылығының жеке қабылдауына жазылу үшін не істеу керек? Осы және өзге де сұрақтарды аталмыш бөлімнен оқи аласыз.

 

«Прокурордың 100 кеңесін» әрбір адам ұялы телефонына орната алады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи