Кеше Араб бұқаралық ақпарат құралдары мен Ресей хабар агенттігі Спутник бойынша, Анкарадағы Ресей елшісі А.Карловқа жасалған қастандықты орталығы Сирия болып табылатын «Әл-Нусра» атты террорлық ұйым өз мойнына алды. Полиция қызметкерінің осындай қылмысқа баруы халықаралық дүрбелең тудырып жатқан тұста Эрдоған мен Әділет және даму партиясы үкіметі Түркия жұртын Фетхуллаһ Гүленге жауып жатты. Алайда, лаңкестік жасаған Мерт Алтынташқа қатысты көп мөлшерде жауапсыз сұрақтар бар. Ресей Түркиядағы тергеу істеріне аса сенбестік танытса керек, Алтынташтың ұялы телефонының өзін Ресейде мұқият тексеруді талап етті. Түрік халқын үгіт-насихатпен тынышталдыруға болар, алайда Ресей мен халықаралық қауымдастық мәселеге қатысты көптеген сұрақтарына жауап күтуде.
Tr724.com тілшісі Ерман Ялаз Ресей елшісіне бағытталған қастандық жайлы жауап берілуі тиіс сұрақтар туралы жазды.
БҰЛ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРМЕСТЕН, ҚАСТАНДЫҚТЫҢ СЕБЕБІ АШЫЛМАЙДЫ
Билік лаңкестіктің ақ-қарасын анықтаудың орнына бұрынғы әдетіне басып, түрлі өтірік-жалаларын жарыса айтып жатыр. Қауіпсіздік саласы мамандарының қастандыққа қатысты сұраған сұрақтары әлі де жауап күтуде. Бұл сұрақтардың ешбіріне жауап табылмай тұрып Эрдоғанның 15 шілдеден кейінгі митингілеріне қатысқан осы полиция қызметкеріне «Фето» тобының мүшесі» деп жала жабуы ойланарлық.
ЖАУАБЫН КҮТКЕН СҰРАҚТАР
1.Елші А.Карловтың осы салтанатқа қатысатындығы бағдарламаға екі сағат қалғанда ғана нақтыланған. Полиция қызметкері Мевлут Мерт Алтынташ осы құпия мәліметті қайдан білді? 3 күн бұрын оқиға орнын зерттеген Алтынташтың мұндай мәліметт ібілген болуы мүмкін бе? Ресей елшісінің көп жерге оққағарсыз баратындығы БАҚ-та жазылған болатын. Әлгі бағдарламаға да оққағарсыз келетінін Алтынташ қалай білген?
2.Қаскөй әл-Нусра мүшесі болған ба немесе соны жақтаушы, не өзге жиһатшы ұйымдармен тікелей байланыста болған ба? Бір жарым жылдан бері өздерін «Алланың арыстаны» деген мағынада «Асадуллаһ» отряды ретінде танытқан Tүркияның арнаулы жасағымен, құпия ұйымымен де байланысы болған ба? Елшіні өлтірген полицияның осы отрядпен немесе сол секілді топтармен қатысы бар ма?
3.Қандықол полиция Карловты өлтіргеннен кейін әл-Нусраның марштарында айтылатын «Аллаһу акбар, нахнуллазина баяху Мухаммадан алал жиһади маа ғайри наддахатан, аллаһу акбар» деген сөздермен араб тілінде ұрандатып айғайлады. Әл-Нусра мен әл-Каиданың жиһад маршы (нашид) ретінде танылған осындай әрі осыған ұқсас сөздермен не айтқысы келгені анық белгілі болған террористің басқа жиһадшы топпен бірлесіп әрекет жасады ма?
4. Жаңа шыққан бейне ақпараттарға қарағанда террорист барынша асықпай, өзіне өте ыңғайлы орынды таңдаған, дәлдеп оқ ата алатындай әрі өзін де қорғай алатындай орынға орналасқан. 11 рет атқан оғының 9-ы елшіге дөп тиген. Әрбір қозғалысына аса сенімді, атқан оғы жаңылмай нысанаға дөп тигеніне қарағанда қылмыскердің полиция қызметінен бөлек әлдебір жаттығудан өткені байқалады. Террористің осы қыры тексерілуде ме?
5. Террорист нысанаға дөп тигізгенін біле тұра, «Алеппоны ұмытпаңдар, Сирияны ұмытпаңдар. Біздің еліміз тыныштықта болмай, сендер тыныштықтың дәмін тата алмайсыңдар» деп айғайлап, елшіге ызаланып оқ атуына себеп болған Алеппо екендігі және оның түп төркіні зерттелуде ме? Алеппода болып жатқандарға қарсылық білдіру үшін жиналған топтарды Ыстамбұл мен Анкарада қандай қоғамдастықтар мен саяси партиялар ұйымдастырды?
6. Террористің бұл ызасы бір апта бойы Алеппода болып жатқандарға наразылық ретінде (Түркияда) ұйымдастырылған шараларға қатысты емес пе? Қылмыскер ешбір қылмыскерге ұқсамайтын қылық жасап, елшінің арқа тұсындағы еркін әрекетімен 3-4 рет экранға түсіп қалған. Оның мұншалықты еркін әрекеті бір жерден ақпарат алғандығын білдірмей ме?
7. Түркияда қанша айдан бері төтенше жағдай жалғасып жатыр. Көрменің ашылуы секілді шаралар 10 күн бұрын алдын-ала әкімдіктерге, содан кейін полиция басқармасына айтылуы қажет. Бұл жиын жайлы да алдын-ала хабар берілді ме? Егер ескертілген болса, елші мен өзге де дипломаттар белсенді қатысатын мұндай жиында, тіпті бұл аймақ елші-дипломаттар тығыз орналасқан аймақ бола тұра, неліктен қауіпсіздік шаралары алынбады?
8. Елшіні қорғау тапсырылған болса, ол міндет қандай полиция қызметкерлеріне жүктелді? Бұл міндетті атқаратындардың тізімінде полиция қызметкері Мевлут Мерт Алтынташ болды ма? Жауапты адамдар Алтынташтың осындай қылмыс жасауына жағдай жасаған ба?
9. ҰҰА-ның (Ұшақсыз ұшу аппараты) террористің ғимарат сыртында жасаған әрекеттерін түсірген видео көрінісінде сол жерге жауапты екендігі белгілі жол полициясы мен оның досының арасында болған диалог өтеді. Видеода «Анаған қара» деген сөзіне полиция: «Ол полиция, ол полиция» дейді. Полиция формасын кимесе де, костюм-шалбар кигеніне қарамастан террористі сырттағы полициялар да танып отыр. Алтынташтың бұған дейін де осы аймақта басқа жұмыстарда жауапты болғандығын білдірмей ме?
10. Алтынташтың рұқсат алып, жұмысына келмегені белгілі болды. Чағдаш Санатлар (Заманауи өнерлер) орталығының маңындағы бір қонақүйге орналасқандығы, сол жерде жоспар құрғаны алға тартылды. Полиция қызметкерінің қонақүй бөлмесін жалға алуы күмән туғызбай ма?
11. Террористің жаяулатып Чағдаш Санатлар орталығына келгені белгілі болды. Барынша байыппен бүге-шігесіне дейін шебер жоспарланған қанды оқиғаның артында Алтынташтан да басқа біреулер бар екені анық. Бұл адам(дар) кім?
12. Мерт Алтынташтың алғашында Диярбакырда уақытша жұмыс істегені, алайда қысқа мерзімде Анкарада, әсіресе, адам қауіпсіздігі қызметкері (оққағар) секілді абыройлы орынға тағайындалуы қандай ұсыныстарға негізделді? Артында бір саяси тұлғаның болуы мүмкін бе?
13. Террорист неліктен тірідей қолға түсірілмеді? Қауіпсіздік саласының мамандары да, CHP (Жумһуриет Халық партиясы) төрағасы Кылычдароглу да осы сұрақты қайта-қайта сұрады. Жалғыз әрекет еткен Мерт Алтынташ Ресей елшісіне 11 оқ атқан. Аз ғана оғы қалған. Соған қарамастан ондаған полиция қызметкері қатысқан операцияда неліктен өлтірілді? Полиция мұндай операциялар жасауға жаттықпаған ба?
14. Операцияны Ішкі Істер министрі Сулейман Сойлының басқарғандығы жазылды. Адам өмірі секілді маңызды операцияны қашаннан бері министр басқаратын болған? Мұндай басқару қай елде бар? Алғашында «елшіні жаралы болса да ауруханаға жеткізу» үшін, кейінірек «террористің үстінде бомба болғаны» үшін өлтірілгені айтылды. Террористің киімі оқиғадан бұрынғы және соңғы видео көріністерінде костюм мен көйлек екені көрініп тұр. Қандай дәлелге сүйеніп, оның үстінде бомба бар деп шешім қабылданды? Бұл айтылғандардың қайсысы дұрыс?
15. Террористі Қызмет қозғалысымен байланыстыру үшін оқиғаның алғашқы минуттарынан бастап жалған мәлімдемелер, дәлелсіз жалалар айтыла басталды.
Полиция қызметкері Алтынташтың Көрпез курсында білім алғанын тікелей анасы жоққа шығарды. Turkish Minute тілшісі Абдулла Бозкурттың ескертулері қаралау әрекеттерінің құрбаны болып кетті. Бозкурттың ескертуі назарға алынса, бәлкім, елші өлмес еді. Ендеше, неліктен елшінің қауіпсіздігі үшін сақтық шаралары алынбады?
16. Террористің стипендия алуы, нағашысының байланыс телефондары секілді көптеген дәйектер медиаға таратылды. Анкарада бір адвокатпен (аты-жөні С.Ө. деп айтылды) бірге тұрғандығы алға тартылды. Бұл адвокат кім? Қандай саяси партиямен байланысы бар?
17. Түркиядағы радикалды-жиһадшы ұйымдарға астыртын кірген шетелдік шебер агенттің Мерт Алтынташты алдап, осы операцияны жасауға көндірген болуы мүмкін бе? Оқиғаның осы жағы тергеліп жатыр ма?
18. Reuters агенттігіне сұхбат берген екі түрік Ұлттық қауіпіздік қызметкері Ресей елшісін өлтірген қарулы кісінің полиция қызметкері екенін, бірақ оның сол уақытта бос жүргенін айтты. Шындық көп өтпей-ақ белгілі болды. Алтынташтың бос жүрмегені, тіпті екі мәрте Эрдоғанды қорғаушы (оққағар) болып митингілерде жұмыс істегені анықталды. Reuters агенттігіне жалған ақпар беріп, шындықты бүгіп қалмақ болған «қауіпсіздік» қызметкерлерінің де оқиғаға қатысы бар ма?
19. Көпшілікті екі күннен бері «Фето» деген өтірікпен алдаусыратып, террориске көмектескен топтардың қашып кетуіне немесе із жасыруына жағдай жасалған жоқ па?
Дереккөз: www.tr724.com
Дайындаған: Берік Мыңжасар
Оставить комментарий