Бішкекте Boeing 747 ұшағы апат болып 20 адам көз жұмды деп хабарлайды ria.ru Ұшақ ауылға құлап, нәтижесінде 15 үй қирады.
Апат болған Boeing 747 түрік ұшағы Гонконгтан Бішкекке ұшқан еді. Қырғызстанның ТЖМ хабарлауынша ұшақ әуежай аймағындағы ауылға құлады. Нәтижесінде 2 үй өртеніп кетті. Өрт сөндіру жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр. Бұған дейін 15 ауыл тұрғыны қайтыс болғаны хабарланды. Оның 6-уы бала болса, 3-уі экипаж мүшесі.

Қазіргі таңда қанша ауыл тұрғынының үйі зақымданғаны анықталып жатыр. Қырғызстанның премьер-министрі Мухамметқали Абулғазиев, ТЖМ басшысы Қуатбек Боранов және көлік және жол министрлік басшысы Жәмшитбек Қалиев ұшақ құлаған Соколукский ауданында жүр.
